Қыдырәлі Болманов Мәжіліс депутаты көтерген маңызды мәселені қолдады

Oinet.kz 11-02-2021 1513

Белгілі отандық әнші Қыдырәлі Болманов Үкіметке Жер туралы Кодексті қарауды ұсынған Мәжіліс депутаты Айбек Паяевті қолдады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. 

Паяев пен Болманов.jpg

- Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлына қойылған өте дұрыс ұсыныс! Мен қос-қолдап қолдаймын! Ата-бабамыздан аманат жеріміз туралы заң шығару-күн тәртібінде бірінші болып тұруы керек! Шұғыл арада шешілуі қажет! Сіз қалай ойлайсыз? Қайырлы таң, Қазақ елі! - дейді Қыдырәлі Болманов. 

Әншінің бұл бастамасын желі қолданушылары түгел дерлік қолдайтындығын жеткізді. 

- "Алла қаласа бәрі жақсы болады", "Жер сатылуына жол бермеу керек", "Ата-бабамыздан қалған жерді қорғау керек! Жердің киесі жаман, сондықтан жер туралы аманатты мен де қолдаймын", "Жер сатылмайды деп айтады, бірақ арендаға берілмейді деп айтпайды, мен содан қорқам, бұл тегін емес, тезірек қабылдап жібергісі келіп тұрған жоқ па екен, арендаға берілсе бітті ғой", "Ендігі қолымызда барымыздан айырлып қалмауымыз керек, кеткені кеттіғой осы кезге дейін. Қолдаймыз", "Аса мәртебелі Тоқаевтан сұраймыз" - дейді желі қолданушылары. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кыдырали Болманов (@kydyrali_bolman)

Сара Назарбаева жаңа бастаманы қолға алды (видео)
«Біртанов саяси жүйенің құрбаны» - мемлекет қайраткері (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу