Перуашев Назарбаевқа ескерткіш соқтырып жатыр ма?

Oinet.kz 26-05-2021 878

«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашевтың Елбасы Назарбаевтың келбетіне ұқсайтын ескерткіштің жанында түскен суреті желіде тарап кетті, деп хабарлайды Oinet.kz.

Перуашев ескерткіш.jpg

Желі қолданушылары «Ақ жол» партиясының өкілдерін Назарбаевқа ескерткіш қойып жатыр деп айыптауға көшкен.

Ал партия төрағасы Азат Перуашев телеграм каналында жұрттың көкейінде жүрген сұрақтарға ресми жауап берді.

- Желілерде жарияланған суретке байланысты түсетін сұрақтарға мынаны хабарлаймын. Өткен қыста өзім құрметтейтін, атақты мүсінші Тілеуберді Бинашев ақсақалымыз шеберханасына шақырып, дастархан жайып, басқа да туындыларымен бірге бозбала кезіндегі досы Шәмші Қалдаяқовтың мүсінін көрсеткен еді. Сол кезде мүсінші ағамыз жасаған бірнеше жұмыстарының қасында тұрып, суретке түсуімді өтінген болатын.

Қалғанының барлығы-әлдекімдердің сандырағы. Сәттілік тілеймін, - деп жазды Перуашев.

Соңғы тәулікте 1739 адамнан коронавирус анықталды
Жол бойында өртеніп жатқан көлік жарылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу