«Nur Otan»-ның Жарғысына не өзгеріс енгізілді?

Oinet.kz 28-01-2022 962

Бүгін өткен «Nur Otan» партиясының съезінде қаралған екінші мәселе бойынша партияның Жарғысына өзгерістер енгізілді. 

Screenshot_5.jpg

Партияның ресми сайтының жарияланған мәліметтерге қарағанда өзгеріс партияның жарнасына қатысты жасалған. 

«Осы уақытқа дейін партиялық жарна жалақының ең төменгі мөлшеріне байланыстырылып, ең төменгі жалақының 0,7%-ін немесе жылына 3570 теңгені құрағаны белгілі. Мемлекет басшысының шешіміне сәйкес осы жылдың қаңтарынан бастап барлық мемлекеттік төлемдерді ең төменгі жалақыға байланыстыру алынып тасталды. Партия Жарғысына сәйкес партиялық жарнаның мөлшерін бекіту Съездің айрықша құзыретіне жататындықтан, бүгін делегаттар партиялық жарнаны айлық есептік көрсеткішке байланыстыра отырып есептеу туралы шешім қабылдады. Бұл айлық есептік көрсеткіштің 0,1-ін, яғни жылына 3676 теңгені құрайды. Съездің 389 делегатының 389-ы Жарғыға өзгерістер енгізуге дауыс берді», делінген хабарламада.

«Осы қатындарды түсінбеймін»: Белгілі блогер көпбалалы аналарды қатаң сынға алды
«Балдәурен-Түркістан» балалардың бақыт ордасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу