Сайрам ауданының әкімі жастар мәселесін шешу жолдарын ұсынды

Oinet.kz 12-02-2022 1110

Жақында Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылында «Парасат» пікірталас клубынының VI кезекті отырысы өтті. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков, мемлекеттік қызметкерлер, қоғам белсенділері, зиялы қауым өкілдері және жастар  арнайы қатысты.Күн тәртібінде жастар тәрбиесіндегі олқылықтарды шешу жолдары талқыланды. 

Screenshot_1.jpg

Жиын барысында аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков жастарды дені сау, бойы таза, рухы мықты, отаншыл етіп тәрбиелеуге әрбір азамат жауапты екенін айтты. Және аудандағы жастар мәселесін шешу үшін нақты жобалар ұсынды.

- Жастарды ынталандыру мақсатында бірқатар жобаларды қолға алу керек. Аудан орталығы Ақсукентте жастар орталығын ашу. Себебі біздің еріктілеріміздің отыратын жайы жоқ. Осыған орай аудан орталығынан екі қабатты ғимаратты күрделі жөндеуден өткізу үшін жергілікті бюджеттен қосымша қаржы қарастыру қажет. Қазір біз бұл жұмыстың жобасын жасап жатырмыз. Ол жерде арнайы коворкинг орталығы, баспасөз мәслихаты, дөңгелек үстелге арналған мәжілім бөлмесі және жастар ресурстық орталығы қызметкерлеріне арнайы жұмыс бөлмесін ашу жоспарлануда. 

Келесі, жастармен еркін форматтағы кездесулер ұйымдастыру, еріктілердің жұмысын жандандыру. Бізде жастармен жүргізілетін жұмысқа жыл сайын 5 млн теңге қаржы қарастырылады екен. Енді бұл қаржы көлемін 31 млн теңгеге дейін ұлғайтамыз. 

Үшінші, қоғамда жастардың рөлін арттыру мақсатында түрлі бағыттағы жиындарға, кездесулерге белсенді жастар өкілдерін қарастырып, спикерлерді дайындап көшбасшыларды анықтау. "Парасат" пікірталас клубының құрамына аудандағы алты арнаулы оқу орнында және салаларда еңбек ететін белсенді жастарды қосу, сондай-ақ әлеуметтік желілерде белсенділігі жоғары жастармен тиімді жұмыстар жүргізуді жоспарлап отырмыз. 

Төртінші, отбасылық және қоғамдық тәрбие беру барысында әкелер және ағалар мектептерінің жұмыстарын жетілдіру және қоғаммен байланыстыру. Бізде осы жұмыстар бар, "әкелер мектебі" дегендер бар. Бірақ, шыны керек бұл жұмыстар формалды тұрғыда ғана. Енді біз осы жұмыстарды дұрыстап жолға қоюымыз керек. 11 ауылдық округте "әкелер мектебі" жастар ресурстық орталығымен бірлесіп жұмыс атқару керек. Аудандық денсаулық сақтау, құқық қорғау органдары, имамдар тарапынан бақылауға алынатын нәрселерді назарда ұстау керек. Жастар арасындағы құқықбұзушылық, ерте жүктілік секілді мәселелерді қатаң бақылауға алу қажет. Имамдар мен теологтардың жастардың діни көзқарасын назарда ұстап, теріс діни ағымдарға түсіп кетуіне жол бермеу. 

Бесінші, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында білім және спорт нысандарына серпілту уақыты үйірмелерін енгізіп, ауылдарға интернет желісін қамти отырып онлайн оқытуды ұйымдастыру. Студент жастарды жазғы демалыс орындарында жұмыспен қамтып, әлеуметтік бағдарламаға сәйкес кәсіптік оқыту, - деді Ұласбек Сәдібеков. Әкімнің бұл ұсынысы клуб мүшелері тарапынан кең қолдау тапты.

«Парасат» пікірталас клубынының негізгі мақсаты – қоғамдағы өзекті мәселелерді ашық айтып, пікірталас алаңында жан-жақты талқылау, шешу жолдарын қарастыру. Саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың және мемлекеттік органдардың өкілдері арасында сындарлы диалогты қамтамасыз ету

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Публикация от Oinet - жаңалықтар әлемі (@oinetnews.kz)

Сәбит Әбдіхалықов ұлына елде жоқ есім қойды
Ләйлә Сұлтанқызы Денсаулық сақтау министріне маңызды ұсыныс жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу