Ерке Есмахан Қайрат Нұртас екеуінің ара қатынасы туралы айтты

Oinet.kz 12-05-2022 3313

Әнші Ерке Есмахан Instagram парақшасында Қайрат Нұртаспен бірнеше фото және видео жариялап, олардың шығармашылық қарым-қатынасы туралы әңгімеледі.

Screenshot_6.jpg

"Қайрат екеуміз туралы әңгіме, өсек айтудан жалыққан шығарсыздар! Шығармашылыққа көшетін кез келді. 2019 жылы "Хабар" телеарнасында "Жұлдызды жекпе-жек" бағдарламасында жүргізуші болдық. Сол бағдарламада мен Қайраттың "Ауырмайды жүрек" әнін орындадым. Ал Қайрат менің "Аэропорт" әнімді шырқады!

Қайрош, ел аузына келгенін айта берсін! Шынайы достығымызға Алла куә! Жұлдыз екеуің бірге қартайып, бала-шағаңның барлық қызығын көрулеріңді тілеймін! Аман болыңдар. Әрқашан биікте болыңыз!" – деп жазды Ерке Есмахан.

Ordabasy: Отбасылық шағын кәсіпкерлік ауыл дамуының басты кепілі
Қайрат Құдайбергеннің отбасы Тоқаевтан жылап тұрып көмек сұрады (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу