«AMANAT»: Партияның қатары түрлі сала мамандарымен толықты

Oinet.kz 13-05-2022 881

Screenshot_10.jpg

Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалында партияға қабылдау салтанатты шарасы өткізілді. Жаңа мүшелерді қабылдау жиынына өңірлік партия филиалының Атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаев қатысты. Ол саяси ұйымның міндеттері мен жалпыхалықтық референдумның мемлекет үшін рөліне тоқталды. 

- Бүгін партия қатарына жеке кәсіпкер, үкіметтік емес ұйымдар, білім және денсаулық сақтау салаларының өкілдері мен белсенді жастардан 18 азамат қосылып отыр. Партияның 23 жылдық тарихы мен ресурсы бар саяси күш екенін білерсіздер. Жақында «ADAL» партиясының да мүшелері қосылып, әлеуетіміз күшейе түсуде. Партияны трансформациялауға қатысты жобаларды іске асыруға сіздерді де атсалысады деп сенемін. Ел мүддесі жолындағы бастамаларыңызға сәттілік тілеймін, - деді Б.Тәжібаев.

Еске салсақ, Түркістан облысында 243 бастауыш партия ұйымдарынан құралған 80 мыңға жуық партия мүшесі бар. 

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

«Cіздерге де жұғысты болсын»: Еркін Нұржанов халықтан сүйінші сұрады
Әйгерім Есенәлі өзінен 5 жас кіші күйеуімен ажырасып кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу