Әйгерім Есенәлі өзінен 5 жас кіші күйеуімен ажырасып кетті

Oinet.kz 13-05-2022 3215

Танымал теле-радиожүргізуші Әйгерім Есенәлі осыдан жарты жыл бұрын жұбайы Әнуарбек Жәлелмен ажырасқанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтты.

Screenshot_1.jpg

"Күйеуім менен 5 жас кіші еді. Ол кезде 30-дамын, Әнуар 25-те. "Тележүргізуші өзінен 5 жас кіші жігітке тұрмысқа шықты" деп шулады жұрт. Жаңалық шығарған сайттардан өшіруді сұрадым. Кейін түсіндім. Онда тұрған не бар деп ойлайтын болдым. 

Қазір Әнуарбек менің жұбайым емес. Соңғы кезде әлеуметтік желіде белсенділік төмен болып кетті, себебі мен осы сұрақтан қаштым. Ажырасқанымызға жарты жыл болды. 

Әнуарға алғысым шексіз. Өйткені ол креативті, позитивті жігіт. Жақсы энергетикасы бар. Бірінші рет курс жасауға итермелеген сол. Шабыттандырып, қолдап отырады. Өте жақсы әке. Қызын қатты жақсы көреді, Әдия оны қатты жақсы көреді", - дейді ол.

«AMANAT»: Партияның қатары түрлі сала мамандарымен толықты
Қызды құтқарған видеоны түсірген келіншек Сәбитке ренжіді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу