13 жыл бірге тұрса да бала сүйе алмай ажырасуға бел буған отбасы

Oinet.kz 26-06-2022 3760

Олар он үш жыл бірге тұрды. Бір-бірін сүйді, бірақ бала сүймеді. Сол себепті ажырасты. Ертеңіне әйелі үйге кеп шифоньердің ішін аралап, ұзақ қипақтап тұрып алды. 

Screenshot_1.jpg

"Затым қап қойыпты..." деді өксік үнмен. Күйеуі түйсігімен оның ештеңе іздеп жатпағанын, сезімдерді ұзақ сақтағысы келгенін түсінді... 

Екеуі құшақтасып, қимай тағы қоштасты. Есіктен шыға бере "жылы киініп жүр, күздің суығы жаман..." деді қамқор үн. 

Ол келесі жылы үйленді. Ал келіншек егделеу кісіге тұрмысқа шықты. Екеуі де балалы болды. Бақыттымыз деп ойлады... 

Арада жылдар өтті. Қаланың етене таныс үлкен бір көшесінде олар кездейсоқ жолығысып қалды... Екеуі де рөлде еді. Адамдардың бір-бірін басып кетуге рұқсат етілген көшеде, шыдамсыз жүргізушілер бұрылып қарауға да мұрсат бермеді... "Көзіңе қара, байқа, фарыңды жақсаңшы" деп үлгерді қамқор үн. Келіншек сөйлегісі келіп еді, даусы шықпай қалды. Егіліп ұзақ жылады... 

Өмірде жүрек қана түсіне алатын, жүрек қана ұға алатын, жүрек қана іздейтін, ешкім де, ештеңе де баса алмайтын бір сезім бар...

15000 теңге үшін аяусыз өлтірді: Алматыда көз жұмған жасөспірімнің өлімі жайлы
«Құдай үш рет ескерту жасады»: Саят Медеуов ауыр апатынан кейін алғаш рет сұхбат берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу