«Бүкіл Ресей көшіп келсе де, пәтер сол бағада тұрады»: Пәтер иелерінің адамгершілігі (видео)

Oinet.kz 26-09-2022

Әлеуметтік желілерде кей пәтер иелерінің клиенттеріне жағымды пранк жасаған видеолары тарады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_8.jpg

Аталған видеоларда пәтер иелері клиенттеріне пәтерді босатуын талап етіп, содан соң әзілдегендерін айтады.

Және пәтер бағасын көзсіз көтерір жіберген пәтер иелерін түсінбейтіндерін де айтып өтеді.

Аталған видеоның бірінде пәтер иесі:

"Алихан жаным, қалайсыңдар? Ресейдің жартысы келе жатыр дейді естідің бе? Деп сенің есіңді шығарайын дегем. Алла сақтасын. Бірден айтайын мен ештеңенің бағасын көтермеймін.  Тыныш ұйықтай беріңдер. Сен кетем дегенше сол бағамен тұрады. Сендерді уайымдамасын деп алдвн-ала айтып жатырмын. Бүкіл Ресей көшіп келсе де, пәтер сол бағада тұрады. Себебі келісімнің аты келісім", дейді

Және пәтер бағасын көтеріп жатқандарды түсінбейтінін, ақшаны өзімен алып кете алмайтынын айтады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Новости Казахстана 24/7

Алматыда өткен жүгіру марафонында 47 жасар ер адам қайтыс болды
«Ісім бүлікшілермен болсын»: Иран президенті наразылықтарға қатысты мәлімдеме жасады


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×