Жасөспірім қыздардың құқығынан, иттердің құқығы жоғары тұратын елміз!
Жасөспірім қыздардың құқығынан, иттердің құқығы жоғары тұратын ел!
Қыздың зорланғанын дәлелдеу үшін, сараптама жасатуға шет елге баратын болып шештік. Біздің сыбайласқан жемқорлыққа батқан жүйені осылай ғана жеңе аламыз! Үш ай мүмкіндік бердім, ешкімге зиянымды тигізгім келмеді.
Президент әкімшілігінен бастап, Антикорға дейін жаздым. Прокурорлардың алдына бір емес он рет кірдім!
Мен артық нәрсе сұрағаным жоқ, тек заңдылықты сұрадым, тіпті алдарына жалындым, жыладым.
Соңы сол баяғы уәде, уақыт созу!
Құзырлы органдар өз істеріне салғырт қарап, тіпті зорлық зомбылық істерін жауып жіберіп отырса, әрине еркектер өз балаларын зорлап, балталап өлтіру сияқты қылмыстар көбеймесе, азаймайды!
Менің сабырым таусылды, мен енді үндемей отырмаймын!
Зорланған қыздардың көз жасын көру, жан айқайын тыңдау оңай емес!
Айгүл Орынбектің Facebook парақшасынан