«Алдымен кінәсі дәлелденсін»: Мәжілісмен бала зорлады деп айыпталған Amanat-тың мүшесін ақтамақ па?

Oinet.kz 11-09-2024 644

Мәжіліс алаңында "Amanat" партиясының депутаты Елнұр Бейсенбаевтан не себепті “Ақ жол” партиясының үлгісімен педофилия бойынша күдікке ілінген әріптестерін не себепті әшкерелемей отқанын сұрады, деп хабрлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Screenshot_19.jpg

"Ақ жол" партиясы харассмент жасады деп Асқар Садықовты айыптап, мандатынан айырған еді. Осы тұста журналистер "Amanat"-тың Ақсу аудандық филиалы экс-басшысының әрекетін неге хабарламағанын сұрады. 

"Кінәсіздік презумпциясы деген нәрсе бар. Алдымен дәлелденсін. Бұл адам қылмыс болардан бір-екі апта бұрын өз еркімен жұмыстан кеткен. Демек, ол бұл қылмысты жасағанда, біздің партияның жауапты хатшысы да, жұмысшысы да болған жоқ. Нәтижесін күтейік. Әр адамның заң шеңберінде өзін қорғауға конституциялық құқығы бар", – деді Бейсенбаев.

"Amanat" партиясының мүшелерінің балаларға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. 

«Тапаншаны күшпен оқтап атты»: Қаза тапқан сарбаздың әкесі сұмдық аудио-дәлел жариялады (ВИДЕО)
Автобус көпірден құлады: Зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу