Ақмола облысында шахталардың бірінде ер адамның мәйіті табылды

Oinet.kz 20-01-2026 39

Ақмола облысы Бестөбе кентіндегі шахтадан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Мәйіт "Новая" кенішінде табылған. Полиция марқұмның кім екені белгілі болды дейді.

"Ол 1991 жылы туған Степногорск қаласының тұрғыны. Шахта аумағына заңсыз кірген", - дейді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қылмыстық Кодекстің 269-1-бабы 3-бөлігі "Абайсызда адамның өліміне әкеп соққан күзетілетін объектіге заңсыз кіру" бойынша тергеу жүріп жатыр.

Түркістан облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты (ВИДЕО)
Ақтөбеде жарылыс салдарынан 5 адам зардап шекті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу