Ақтөбеде жарылыс салдарынан 5 адам зардап шекті

Oinet.kz 20-01-2026 48

Ақтөбе қаласында бір қабатты ғимаратта газ жабдығы жарылып, салдарынан шатыр көтеріліп, өрт тұтанған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_6.png

Қайғылы оқиға 19 қаңтар күні шамамен сағат 17:45-те тіркелген.

Оқиға орнына екі өрт сөндіру көлігі мен жеті құтқарушы жұмылдырылды. Алдын ала мәлімет бойынша, газ баллонының жарылысы ғимараттың ішінара қирауына әкелген.

Аудандық ауруханаға жасы 30 бен 60 жас аралығындағы бес адам жеткізілді. Олардың біреуі жансақтау бөлімінде, ал төртеуі травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себебі мен барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Ақмола облысында шахталардың бірінде ер адамның мәйіті табылды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу