Қаскелеңде ер адам әйелі мен енесін соққыға жыққан
Қаскелеңде ер адам жуырда ажырасайын деп жүрген әйелін анасымен қоса ұрып-соққан, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Шабуыл жасаған 31 жастағы ер адам Қаскелеңдегі тойларды жүргізеді екен. Ол әйелдің үйіне келіп шу шығарған. Әйелі мен енесін ұрып, үйдің және көліктің терезелерін сындырып кеткен. Алматы облысының полициясы ер адамның ұсталғанын хабарлады. Аталған оқиға бойынша қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша іс қозғалды. Құқық қорғау органдары болған жағдайдың барлық мән-жайын толық анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр.
«Тергеу нәтижелері бойынша күдіктінің әрекеттеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес және барынша қатаң түрде құқықтық баға беріледі», — деп нақтылады Алматы облысы полиция департаменті.
Айта кетейік, Бектенов Kazakh Tourism басшысын қызметтен босататынын айтып қорқытты.


