Шипажайлардағы кәріз жүйелерінің мәселесі шешімін табады

Oinet.kz 04-02-2026

Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізді. Брифинг барысында ол ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

628024984_18305609719279436_809965188699055712_n.jpg

Арман Абдуллаев аудандағы шипажайлардағы кәріз жүйелерінің мәселесіне тоқталып өтті.

- Былтыр бұл өзекті мәселе болды. Экологиялық талаптар орындалмай жатыр деген. Былтыр жалпы жобалық сметалық құжаттар әзірленді. Ол 1,9 млрд теңгені құрайды. Былтыр облыстық бюджеттен оның 10 пайызы бөлінді. Биыл қалған бөлігі бөлінеді, - дейді аудан басшысы. Осы қаржыға жауапты мекеме кәріз жүйесіне қатысты жұмыстарды аяқтайды, - деді аудан басшысы.  

Өткен жылы аудандағы Дербісек және Дарбаза ауылдық округтерінің ішкі көшелеріне «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 32 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, аудандық бюджет есебінен 49 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал, биыл 89 көшеге орта жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. 

Мұғалімдердің артық жұмыс істеуі қаншалықты заңды?
Сарыағашта негізгі капиталға 82,1 млрд теңге инвестиция тартылған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу