Полиция басқармасының жаңа басшысы тағайындалды.

Oinet.kz 23-04-2026

Атырауда полиция басқармасының жаңа басшысы тағайындалды. Бұл лауазымға бұған дейін Жаңаөзен полициясын басқарған полковник Айдар Қасанов келді.

Screenshot_5.jpg

Кадрлық ауыс-түйіс туралы ақпаратты Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

"Ішкі істер министрінің бұйрығымен Айдар Қасанов Атырау полиция басқармасының бастығы болып тағайындалды. Ол 20 сәуірден бастап өз міндетіне кірісті", - деді ПД өкілі.

Еске салайық, бұған дейін Атырау полиция басқармасының бұрынғы бастығы Бақтыбек Исаев ішкі істер органдарынан теріс себептермен шығарылып, тергеу изоляторына қамалды. 

20 жастағы сарбаздың өлімінен кейін бөлім командирі мен оның орынбасарлары қызметінен кетті
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу