Әйелді құрметтеудің әдістері

Oinet.kz 19-05-2020

Әйел адамның ері алдындағы міндетін бәріміз жақсы білеміз. Ер азаматты құрметтеуді бізге кішкентай кезімізден үйреткен. Ал ер адамдар әйелді құрметтеудің әдістерін біле ме екен?

10-7.jpg

1. Ер адам әйелінің үй шаруасындағы еңбегін бағалауы керек. Пісірген тамағына, үйге өзгеріс енгізіп, сәндегеніне мән беріп, тіпті, терезеге перде іліп қойса да, соны байқап, «мынауың әдемі екен» деген секілді жылы сөздерді айтуы керек. Әйелдің табиғаты сондай, ол назарға ілігуді, жылы сөз естуді қалап тұрады. Кейде алдыңыздан басқа киім киіп, шашын сәндеп шығуы мүмкін. Сондай кезде байқағыштық танытып, сәл ғана жылы сөздеріңізбен демеп жіберсеңіз, әйел үшін одан басқа бақыт жоқ. Себебі, әйеліңіз мұның бәрін өзге үшін емес, сізге ұнау үшін, сіздің назарыңызға ілігу үшін жасайды. Жарынан жылу көрмеген әйел өзгенің сөзіне тез алданатынын естен шығармағайсыз.

2. Әйел адам үшін күйеуінің даусы да маңызды рөл атқарады. Оған жекіп сөйлеу, үнемі даусыңызды көтеру – әйелдің өз-өзіне деген сенімділігін жоғалтады.

3. Кейде әйел адамдар болмайтын нәрсеге алаңдап, көңіл-күйі түсіп кетеді. Ондай кезде «Неге жылайсың?» «Оған не үшін қайғырып отырсың?» дегеннен гөрі үндемей өткізіп жіберу немесе шыдамдылық танытып, түсіністікпен қарау – әйеліңіздің сезімдеріне құрметпен қараудың белгісі.

4. Әйел адамға жақсы сөздер айтудың маңызы өте зор. Бұдан былай сөздік қолданысыңызға:

  • «Мен саған сенемін!»

  • «Бүгінгі тамағың ерекше дәмді екен»

  • «Ал бүгін үйде қандай қызықтар болды?»

  •  «Мынаны өзгерту үшін қандай кеңес берер едің?» «Мыналарды бұрын қалай байқамағанмын? Керемет екен!» – деген секілді сөйлемдерді қосып қойыңыз.

Айтылмауға тиісті құпиялар
Мұсылман әйелдерін көргенде өкініштен өзегім өртенеді

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×