Мәдина Сәдуақасованың күйеуі Instagram-ға тіркеліп, әншінің әр қадамын аңдып отыратын болған

Oinet.kz 18-04-2019 1501

Screenshot_19.jpg

Мәдина Сәдуақасова соңғы уақытта ыңғайсыз жағдайға жиі тап болып жүр. Әлеуметтік желіге сурет жариялаудың өзі - әнші үшін бүгінде мұң. Өйткені бұған дейін ғаламтор әлемінен алшақта болған жолдасы Instagram-ға тіркеліп алып, әншінің әр басқан қадамын аңдып отыратын болған. 

Бұл туралы stan.kz НТК арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Инстаграм дегенде мүлдем жоқ болатын. Қазір жазылыпты. Тек қана менің суреттерімді емес, пікірлердің барлығын оқып шығады екен", - дейді Мәдина.

Желідегі ашық-шашық суреттерінен кейін Сәдуақасова күйеуінен біраз сөз естіген. Бүгінде фото жүктемес бұрын күйеуінің рұқсатын алуды әдетке айналдырып алған. 

"Қазір ақылдасатын болдым. Иә, жасырмаймын. Бірақ кейде түсінбеймін. Мынаны да салма, ананы да салма, мына жерің кішкене ашықтау, мынау болмайды, қасыңда ер адамдар көп болып кетті деп, ол кісі көп мін іздеп кетті. Кейде «тууф» деп кеткім келеді. Енді не істесем екен деп", - дейді тығырыққа тірелген Мәдина.

«Мисс Қазақстан» атанғандар қазір қайда жүр?
Мархабат Байғұт: «Қазақ елі Наурызбен сағынысып табысты»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу