Оянсам әлгі сұлу қыздың үйінде жатыр екем

Oinet.kz 15-11-2023 6611

Кештеу кез, ызғып келем. Кенет  көшеге бір қыз атып шықты. Қолын созды. Тоқтай қалдым. Есікті ашты да отыра қалды. Қозғалып жүргенім сол еді, еңіреп қоя берді.

1684460682_lubok-club-p-kartinki-devushka-spit-nochyu-9.jpg

Жүрегім тас төбеме шығып қорқып кеттім. Қайда барасыз...десем үндемейді. Қашанғы жүрейін, шетке тоқтадым. Иығыма басын қойып тоқтар емес. Шамалы отырдым, түріне қарадым. Сұмдық сұлу қыз енді.

- Бірдеңе деңізші, жұбатасыз ба, жоқ құшақтайсыз ба, өлгім келеді....дейді.

Ал енді не айтам:

- Қой ондай жаман ой ойлама, өмірің деген алда....дегенім өтпеді.

Екінші вариант дұрыс ау деп жәймен иығынан құшақтап көрдім. Солай шамалы отырдым. Ары қарай есімде жоқ. Отключка. Оянсам соның үйінде жатырмын.

Есікті біреу тарсылдатып жатыр. Қасыма қарадым, қыз жатыр.

Терезеге қарадым. 5 інші қабат! Алда ғана шешең...... енді қайттім. Алақтап тұрмын.

- Қорықпа, бұл мамам ғой келген...деді  қыз.

Өй мамаң....

Есікті ашты, мамасы кірді. Соқыр адам екен. Бетімді сипап:

- Мынау қай бала? Айтып жүрген Ғаниың осы ма?

- Иа мама Ғани деген осы, - деді беті бүлк етпей.

Шешесі қолымнан ұстап алып "Әңгіме бар сенімен, кухняға барайық" деді.

Раз на раз отырып шай іштік. Мен құйып беріп отырмын.

- "Қыз екіқабат, білесің бе" деп бастағаны сол еді, тұра айдадым далаға.

Подезде көтеріліп келе жатқан бір топ адамның қасынан 100-бен өттім. Құлағым шалғаны: "Күйеу баланың есімі Ғани екен" .

Одан сайын зуладым. Подезд есігін аштым, алдымда Пассатым тұр. Айналайын тұлпарым ай....деп  Пассаттың есігін ашсам, қыз отыр.! Қара тер боп ояндым. Екі рет оянып үйге зорға жеттім ғой. "Әй Ғани, түсіме келіп анауыңды алып кет. Сенің балаңды бағатын жайым жоқ". 

Жүрген жеріңе шөп шыққыр, құдайдың түсінде де тыныш жүрмейсің ше.

Мақсұт Таңжарықұлы парақшасынан

Арақ қойдыратын тәуіптер. Барғандар арақты қойып жатыр
Қыздың дәретханаға қанша рет шыққанын санап отырады...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу