Әйелінен қорлық көріп отырған еркектер жылап жүр

Oinet.kz 14-11-2023 5980

Желі бетінде әйелдің еркектен қорлық көретіні туралы мәселе жиі көтеріледі. Ал еркектің әйелден қысым көретіні жайлы, мүлде айтылмайды деуге болады.

nintchdbpict000399760141.jpg

Иә, айтылмайтын себебі де бар. Өйткені қазақтың қай еркегі де әйелінен қорлық көргенін айтуға намыстанады. Әйтпесе небір айғыр қатындар бар ғой. Мен өзім білетін ер адамдардың әйелінің нашарлығынан ішіп кеткен , дарға асылып қалғандардың қаншасын білемін. Оны желіге жазсаң. Ой ол еркек емес ез ғой деп шығады. Сонда біздің қоғамда әйел еркектен қорлық көрсе де еркек кінәлі.

Еркек әйелден қорлық көрсе де еркек кінәлі болып шығады. Солай ғой. Яғни таспен жапалақты ұрсаңда, жапалақпен тасты ұрсаң да жапалақ өлетіні сияқты.

Меніңше әйелден қорлық көретін еркектер екі есе көп ау. Осы айтқаным өтірік болса, жеңгелеріңнің  болмаса келіндеріңнің керемет екенін, ата-енесін әлпештеп, аға-інілеріңді еркекше құрметтеп отырғанын жазыңдаршы.

Әй, қайдам-ау... Көп болса 20% тің мақтарсыңдар. Ал 80% тің мақтай алмай, үндемей өтіп кететіндерің анық...

Мәлік Орақовтың Фейсбук парақшасынан

Қыздың дәретханаға қанша рет шыққанын санап отырады...
«Ұят нәрсе»: Роза Рымбаева қалың малға қарсы екенін айтты...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу