КСРОдан тәуелсіз Қазақстанға өткен ұрпақ неден қателестік?

Oinet.kz 02-11-2023 435

Аудандық кітапханадан, Қашаған көшеге шығар тұста, орта жастағы екі келіншек көліктің астына түсе жаздап қол көтере тоқтатты.

1591070242162021085.jpg

—Ия, қарындастар. Не болды сонша көлікке ұмтылып. Таксист деген атым бар осы келе жатқанда кім қол көтерер екен деп тіміскіленіп келем. Тоқтаймынғой. Жол болсын, қайда жол тарттық? —дедім.

—Ой аға, қатып қалдық.—деп, көлікке міне бастағаннан бір жағымсыз иіс мүңк етті

—Алтыншы ауылда бір дүкен бар соған апаршы, ақшасын береміз. Жаяу баруға біраз жер—деп жайғасып алды. "Еее, Мынау сүргіннен шыққан қатындар ғой. Мыналардан соң көлікті тағы жуып, аластау керек болды ғой" дедім ішімнен.

—Қарындастар, сіздер айта отырыңыздар, орталықтан сонаау алтыншы ауылға бара жатсаңыздар үлкен дүкен болды ғой. Голд па? әлде Сәлем ба? Жүрер жолымды нақтылап алайын? "—деп тағы тықақтадым.

—Оййй, аға саспаш. Айтамыз өзіміз, сен баса бер. Қатындардан қорықпайтын шығарсың —деп еп ерсі күлген болды. Олар ауздарын ашып, орынсыз селкілдеп күлген сайын жаңағы иіс күшейіп кетеді.

Өз жақ тереземді ашып аздап саңылау бердім.

—Ооо, ағайдың қызуы күшті. Жұрт қатып өлейін деп жүрсе бұл терезе ашып жүреді—деп жалпақ бет сарысы тағы да ырқылдай күлді." Құдаййй, сөйлетпеш мына қатынды"деп мен келем қарғанып.

—Әй, сен ұйқтап қалма, ақшаны алатын сен ғой қазір—деп қасындағы домалақ жүзді, бір кездері тостағандай болған қазір іспектеніп тұрсада әдемілігін жоймаған ашаң жүзді келіншекті шынтағымен қаттылау түртіп қалды.

Анау, "Ааа, ия" деп шала пұла бас шұлғи салды. Бет жүзі еміс еміс есіме біреуді түсіреді. Бірақ менің ойлап отырғаным әдетте бұндай қатындардың ақшасы болмайды, болсада бермей ит қылады.

Үсті бастарын әлем сасытып қашанғы салғыласасың "құрсын" деп алмай кетесің. Мен содан қорқып келем.

Айтқан дүкендеріне келдік. Олар түсуге ыңғайланғаннан

—Қыздар 400 теңгелеріңді төлеңдерде аман жүріңдер. Мен кетем—деп алдын ала бастадым.

Түсіп алғасын жаңағы жалпақ сары

—Ағай, айттым ғой саспа. Жулка төлейді ақшаңды. Мына дүкеннен ақша аламыз сосын төлейді. Сосын бізді тағы бір жерге жақындатып таста. Полный расчет жасаймыз"дегесін, "Жақсы оны көрейік" дедім ішімнен. Екеуі тіркесе, сүйенісе дүкенге кіріп кетті. Дүкен болғанда қисық көшенің қоңырқай "камогі", тап адам қызығып сауда жасардай емес.

Екеуі кіріп кетті, мен күтіп отырмын. Мен бір қайбір шыдамды адаммын, төрт минуттан соңдарынан кірдім. Кірсем дүкенші мен мына екеуі салғыласып тұр. Түсінгенім қарызға арақ пен тіске басар сұрап тұр. Сатушы әйел "бұрынғы алғандарыңды төлеңдер" деп бет бақтырмайды. Сатушы, жалпақ сарының аузын аштырар емес"сен мүлдем сөйлеме, сенің қарызға сұрар бетің жоқ. Мына Жулканы неге алдыңа салып келесің. Ұялмайсыңба? Қашанғы осының ақшасын пайлаланасың? "деп анаған ұрысқан боп жатыр. Жалпақ сарыңа ұрысқан былай тұрсын танкімен бассаңда

қыңқ етейін деп тұрған жоқ.

—Сен не, мені жұрттың көзінше  ылғи қарызға ішетіндей қылып. Асп алғанда саудаңды да жүргізіп арақта алып беріп жүрмін ғой. Не бүгін өзіңше болып тұрсың. Берсейш қарызға, талай алып беріп жүрміз ғой—деп күрметіле сөйледі.

Осы жерде мен сөзге киліктім

—Қыздар, арақ ішесіңдерме,көшеде жатасыңдарма шаруам жоқ менің ақшамды төлең—деп ашулана бастадым.

Осы сәтте әлгі Жулька деген сатушы әйелге жақындап барып бірдеңе деді, анау да арзан арақтардың бірін суырып бере салды. Шығар есікке жақындап келді де маған қарап

—Бәрі дұрыс Мәке, орталыққа жеткізіп сал. Ақшаңды берем, жас жігіттер сияқты жұтынып тұрсың ғой. Сен 71 дегі Мұрат емессің бе — деді.Менің қысық көзім барынша үлкейген шығар."Кім мынау,менің осындай танысым барма еді?"деген ой миымды тілгілеп,ақтарып қуыс қуысын қопарып жатты."Жақсы,есіме бір түсерсің"деп, Өзіне сенімді болып тұрған адамға менде де сенім пайда болды. Екеуін отырғызып алып орталыққа кеттім. Майлин мен Қашаған көшелерінің қиылысындағы бағдаршамда екеуі айтысып бастады.

Сары жалпақ "Базарға соғайық" дейді, Жулькасы "Корпусқа үйге" дейді. Әрі қарай менде шыдамадым, оның үстіне ана "алқаш" иіс отырғызар болмады.

56 ның артына тоқтай қалып —Түсің на... й

"надоел" қылдыңдарғой. Ары қарай жаяу барың —деп түрімді барынша қорқынышты қылып екеуіне қарап едім, сары жалпақ үнсіз қалды. Жулькасы көзін төңкеріп домалақ жүзімен жымиып

"Еее, Мәке танымадың ба сонымен. Біз осы, міне осындай болдық—дегені сол екен, есіме естелік жарқ етті.

" Құдай ауу, мынау сол. Ия сол Жұлдызай.

Бір кездегі боз бала атаулы түгел ғашық болған Жұлдызай. Өнерпаз биші Жұлдыз ай. Әбден тағдыр талқысына түскені көрініп тұр. Бір кездері ойнақшып оттай жанып тұрған көздерінен болар болмас сәуле қалыпты. Бұл тағдыр кімді аяған, мүлт кеткенді мүжіп тастап екі шайнап бір түкіріп тастайтын қатал өмір кімді аясын.

Бұл қу арақ қаншама замандасымды жалмап кетті, бұл арақтың араны қаншама армандарды ажалға апарды.

Өзімде сол арақ деген аждаханың апанынан кейін қайттым емеспе? Еххх құрбым ай не боп кеткенсің. Бір кезде ақбантик тағынған адам затының сұлуы, балауса балғын қыз едің. Қазіргі түрің мынау" деп бір сәт ойланып қалып едім

—Мәке, болды, ойланба. Құрдасың өмірінде бір рет мінген екен көлігіңе қарыз қылып жазып қой. Айдың басында ақша алам, хабарлас берем. Көп болса 800 теңге шығар. Онда да үйге дейін апармадың—деп сары жалпақты итере митере  көліктен түсіп қалды. Ештеңе ойлаған жоқпын. Мың сан ой мен мың сан естелік басымды дыңылдатып үйге келдім. Балама "Көлікті тазалап, дезодарант сеуіп қойшы" дедімде үйге кіріп жатып қалдым. Сол ой, біздер, біздің ұрпақ КСРОдан Егемен Қазақстанға өткен ұрпақ неден қателестік. Өмірдің иірімдерінен шығалмай қалғандар да сол біздің замандастар. Не болды бізге?.....

(Әңгімедегі адам аттары өзгертілген, сәйкес кеп жатса кездейсоқтық дерсіздер)

М. Кенжебаев. Бейнеу.

Құдағиымнан ұяламын...
Әже, сені сағынып жүрмін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу