Жібек Арапбаева: «Төбелескіш қыз едім»

Oinet.kz 21-09-2019 1198

Screenshot_7.jpg

Жібек Арапбаева, фристайлшы

 Қыстыгүні Алматыда студент жастар арасында Универсиада ойындары өтті. Осы додада Оңтүстік Қазақстан облысының атынан барған фристайлшы Жібек Арапбаева жарыс бастала салысымен ел қоржынына күміс жүлдені салып, жанкүйерлерді қуантып еді.

Міне, сол күннен бері 2 ай зымырап өте шықты. Көктем келіп, аяз қайтып, айнала жаймен шуаққа бөлене бастады. Қыс бойы тоң болып сіресіп жатқан ақ қар, көк мұз еріп, сай-сала, арық-жылғалар суға толады. Бұл сізді қуантады ғой? Әрі наурыз – мерекеге толы ай. 8 наурыз - халықаралық әйелдер күні... 22 наурыз - түркі елдерінің жаңа жылы... Аталған мерекелер сіздің жан-дүниеңізді қуанышқа бөлейтіні анық. Бұл айда адам арқасындағы ауыр жүктен арылып, бір жеңілдеп қалады. Көктемде қыздар құлпырады демекші, осы бір жыл мезгілінде олар қандай көңіл-күйде болады? Қандай қызықты оқиғалар бастарынан өтті? Жалпы, көктемге деген көзқарастары қандай? Біз осы сұрақты Жібек Арапбаеваға қойып көріп едік:   

- Мен спортпен кішкентайымнан бастап шұғылдандым, - дейді фристайлшы қыз. – Ең алғаш қызға тән спорт түрі – көркем гимнастикамен айналыстым. Мен сол кезден-ақ спортқа зор жауапкершікпен қарадым. Болашағымды спортпен байланыстырдым. Кейбіреулер секілді «тиіп-қашып» жүрмедім. Сондықтан да болар, бізде мүлдем бос уақыт болмайтын. Тіпті, мейрам күндері де.

Ол кезде зал тар. Кезекпен жаттығу жасайтын едік. Мейрам күндері зал сәл де болса босап, бір жасап қалатынмын. Есімде, 5 сыныпта оқып жүрген кезім. Қыс кетіп, көктем келген кез. Шамасы, 8 наурыз мерекесі қарсыңы ғой деймін, ұзақты күнге созылған жаттығудан қайтып келе жатқанмын. Сонда артыма өзім қатарлы үш бала түсті. Тіпті, бір кезде жаныма жақындап кеп, тиісе бастады. Бір жақсысы, мен тек көркем гимнастикамен ған емес, каратэмен де айналысатын едім. Содан не керек, әлгілермен төбелесе кеттім. Олар менен мұндай тегеурінді қарсылықты күтпегендіктен, не істерлерін білмей сасып қалды. Мен де қайтпаймын, қоймай жүріп, біреуінің басын жардым. Жылымшы қан бұрқ ете қалды. Және тура сол күні жаттықтырушымыз бізге бір бокал, бір тал гүл сыйлап еді. Алыс-жұлыс үстінде гүл мылжа-мылжа боп, бокал сынып қалды. Сонымен, оларды да жылатып, өзім де жылап, үйге қайттым. Өктемдікті көтере алмайтын өте намысқой қыз едім. 

Кейіннен бізге жыл сайын ұлдар мереке сайын сыйлықтар беретін. Бірақ, біз оны үйге алып баруға ұялатынбыз. Тәрбие солай болды ма, білмеймін. Әке-шешемізден қысылатын әрі қорқатын едік. Сөйтіп, әлгі сыйлықтарды жаттықтырушымызға беретінбіз.

Құрметті оқырмандар, мен сіздерді 22 наурыз – қазақ халқының Жаңа жылымен құттықтаймын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін.

Мұрағаттан, 2017 ж

Жанбота Алдабергенова: «8 наурызда адасып кеттік»
Бақтияр Артаев: «Деревянченко алтыншы раундта ұтылмаса, жетінші раундта Генаға қиын болады»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу