Ирак Елекеев: «Тасмағамбетов Президент сайлауына түседі»

Oinet.kz 30-11-2020 14723

Мемлекет және қоғам қайраткері, зейнеткер Иманғали Тасмағамбетов Президент сайлауына түсе ме? Бұл туралы журналист Нартай Аралбайұлының танымал заңгер, қоғам белсендісі Ирак Елекеевпен болған сұхбаты барысында айтылды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Иманғали Тасмағамбетов.jpg

- Мен ойлаймын, болашақта ол Президент сайлауына түсетін азаматтың бірі. Ол халықтың пікірі, жалғыз менің пікірім емес. Қай жерге бармайын, көпшілік "Неге Иманғали сайлауға түспейді?" деп сұрайды. Иманғалиды қолдайтын азаматтар өте көп. Ең бірінші, зиялылар. Зиялылардың бәрі Тасмағамбетовты қолдайды. 

Елімізде қиын-қыстау күндер тууы мүмкін. Егер ел басына күн туса елді тығырықтан алып шығатын азаматтардың бірі - Иманғали Тасмағамбетов, деп айтты Ирак Елекеев. 

Экс-банкир мен экс-күйеу бала. Екеуі де ұзақ жылға сотталды
Экс-депутат Елекеев қазіргі Парламент депутаттарына 2 деген баға қоятынын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу