Түркия Президенті Эрдоған Путинге моральді қолдау көрсетті

Oinet.kz 07-03-2022 4045

Ресей президенті Владимир Путин Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлескен кезде Киев Ресейдің талаптарын орындаған жағдайда ғана Украинадағы арнайы операцияны тоқтату мүмкін болатынын айтты.

Screenshot_4.jpg

Путин сондай-ақ Украина қарулы күштерінің соғыс қимылдарын тоқтатуы қажетті шарт екенін айтқан. Ресей президенті келіссөздердің келесі раундының барысында украиндық өкілдер бұл шындықтарды ескере отырып, неғұрлым конструктивті көзқарас танытатынына үміт артты.

Бұдан бөлек, Ресей басшысы соғыс қимылдары жүріп жатқан аймақтардан түрік азаматтарын қауіпсіз көшіру үшін көмек көрсетуге уәде берді. Өз кезегінде Түркия президенті Ресей мәдениеті мен оның қайраткерлеріне қарсы бірқатар Батыс елдерінде қарқын алып жатқан қарсылықтарды құптамайтынын жеткізіп, Путинге моральді қолдау көрсетті.

Тоқаев енді Қазақстанда N1 адам болды!
Ресей мен Украина әлі татуласа алмады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу