Ішкі істер министрі орынбасарының қызметінен неге қуылғанын түсіндірді

Oinet.kz 30-07-2019

Screenshot_7.jpg

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев маусым айында YouTube-те видеосы жарық көріп, дөрекі қылығымен елге масқара болған өзінің орынбасары Махамбет Абисатовтың жұмыстан босатылуына қатысты түсініктеме берді.

Министрді Үкімет дәлізінде журналистер қаумалап алған.

- Ол қызметінен кету туралы өзі өтініш берді, ал біз оны қанағаттандыруды жөн деп шештік. Қалай дегенмен де бұл арада мемлекеттік қызметкердің этикасы бұзылған. Иә, ол мұны жеке пиғылдағы видео деп айтты. Біз оған қатысты ешқандай шешім қабылдаған жоқпыз, - деді министр.

Айта кетсек, министрдің бұрынғы орынбасары Абисатов желіде жарияланған видеода қол астындағы қызметкерлермен дөрекі сөйлескен. Видео маусым айында YouTube-те жарияланды. Жазбада Ақтөбе облысының полиция басқармасында өткен жиналыс тіркелген.

«Aстана LRT» бұрынғы басшысына халықаралық іздеу жарияланды
Елбасы Бауыржан Байбекті қабылдап, бірқатар тапсырма берді

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×