Зеленский: Адам өлтіруді созудың мәні жоқ

Oinet.kz 12-05-2025 34

 1709067-174170-756x425.jpg

Зеленский Путинмен жеке кездесуге дайын екенін мәлімдеді Украина президенті Владимир Зеленский Владимир Путинмен келіссөз үстелінде жеке кездесуге дайын екенін айтты.

- Біз ертең толық әрі ұзақ мерзімді атысты тоқтатуды күтеміз — бұл дипломатияға қажетті негіз беру үшін маңызды. Адам өлтіруді созудың мәні жоқ. Мен бейсенбі күні (15 мамыр) Түркияда Путинді күтемін. Жеке. Бұл жолы Ресей тарапы келе алмауының себептерін іздеп отырмайды деп үміттенемін, — деп жазды Владимир Зеленский әлеуметтік желіде.

 11 мамырға қараған түні Владимир Путин Кремльде сөйлеген сөзінде Украинаға тікелей келіссөздерді қайта бастауға ұсыныс жасады. Ол келіссөздердің 2022 жылы үзілгенін айтып, 15 мамырда Ыстамбұлда алдын ала талаптарсыз кездесуді ұсынды.

Дереккөзі: Ulysmedia.kz


«Дедовщина» жоқ, проблема бар: Қазақ әскері қаншалықты абыройға ие
Сара Назарбаеваның қазіргі жағдайы белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу