Жиырма миллионмен-ақ жер-дүниеге танылуға болады

Oinet.kz 31-05-2023 399

Еліміз әлем бойынша жер көлемі жағынан тоғызыншы орынды алатындығын әрбіріміз мақтанышпен айтамыз. Ал демографиялық ахуалымыз көрші мемлекеттермен салыстырғанда ауыз толтырып айтарлықтай емес екені ақиқат.

Screenshot_5.jpg

Осы орайда, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков «Былтырғы жылғы санақ бойынша еліміздегі тұрғындар саны жиырма миллионға жуықтаған еді. Оның ішінде қазақтардың саны жетпіс пайыз. Расында да, еліміздің байтақ жері үшін жиырма миллион деген көрсеткіш көп емес. Бірақ, аз да емес. Қазақстанның әл-ауқатын, экономикасын көтеруге адам жетпей жатыр дегенге сенбеймін. Адамның потенциалы жетпей жатыр десек сенімдірек болады. Ол үшін бізге ең әуелі өзіміздегі бар халықтың әл-ауқатын көтеру керек. Тек әлеуметтік жағдайын емес, олардың білімін, интелектуалдық деңгейін жетілдіру қажет. Сол кезде осы жиырма миллион халықтың өзі бізге аздық етпейді. Жиырма миллионның ішінде жұмысқа жарамдысының өзінің бес пайызының тұрақты жұмысы жоқ. Бес пайызымыз өзгеріссіз келеді. Осы жұмыссыздар, қазіргі оқып жатқандардың ішінде жұмыссыз қалатындары бар, солардың барлығын тиісті деңгейдегі сапалы біліммен, тұрақты жұмыспен  қамтысақ онда жыиырма миллионмен-ақ жер-дүниеге танылуға болады. Біздің демографиялық ахуалымызда әрқилы болып тұр. Халқымыздың көбі қалаға көшіп жатыр. Ал, өзіміздің Оңтүстігіміз бойынша жетпіс пайыз тұрғындар ауылда тұрады. Дегенмен, еліміз бойынша қалаға көшу үрдісі басымырақ. Шекарада жатқан облыстар, аудандар мен ауылдар қаңырап тұр. «Еліңе еге бол, жеріңе еге бол» деген патриоттық сөздерді айтып, ол жерлерді халықпен қамтамасыз ете алмаймыз. Сондықтан солтүстікке, шығысқа қарай халықты көшіруді қолға алу керек. Бес-он жылдық емес ұзақ мерзімдік мемлекеттік бағдарламалар арқылы, халықты қоныстандыруды ойлау қажет. Бастысы, бар халқымыздың сапасын көтерсек соның өзі үлкен жетістік болар еді» дейді.

Аида Өтеп

Қоғам ынтымағы бәрінен де қымбат
Ерекше қажеттілігі барларға қамқорлық таныту
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу