Ерекше қажеттілігі барларға қамқорлық таныту

Oinet.kz 02-06-2023 527

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше қажеттіліктері бар адамдарға құрметпен қарауды, қамқорлық танытуды әлеуметтік саладағы негізгі міндет екенін айтып келеді.

Screenshot_35.jpg

Мүгедектер қоғамы мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жұмыстарын жалғастырып, олардың қоғамның толыққанды мүшесі екенін сезіну үшін бар жағдайларын жасауға ықпал етуде. Мәселен, Шымкент қалалық №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы 1965 жылдан бері ерекше қажеттіліктері бар жандар мен жалғызілікті қарттарға қызмет көрсетеді. 

Аталған орталықтың директоры Шәрбат Шырынбекова өз сөзінде «Біздің орталықта жеті түрлі бағытта қызмет көрсетіледі. Атап айтсақ, әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, психологиялық, еңбек, мәдени, экономикалық және құқықтық қызметтер. Орталықтың санитарлық-гигиеналық нормалар мен талаптарға сәйкес  болуын  және  қызмет алушының тұруына қолайлығын бақылауда ұстаймыз.  Тұрмыстық техникамен, жиһаздармен  қамтамасыз  етеміз. Денсаулықтарын  күнделікті  тексеріп, тиісті ем-шараларын жасаймыз.  Мерекелер мен тынығу іс-шараларынан қалдырмаймыз. Сондай-ақ, жеке сұрақтары мен зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақылар туралы сауалдарына, әлеуметтік-құқықтық мәселелер (жеке  куәлігін  ауыстыруға, тұрғын үй  кезегіне  қою) бойынша заң талаптарына сәйкес кеңес  береміз. Біздің негізгі міндетіміз – олардың қоғамдағы орны бар екенін сезіндіру. Мемлекет басшысы айтқандай, оларға қамқорлық таныту - әрбір азаматтың міндеті» деді. 

Жиырма миллионмен-ақ жер-дүниеге танылуға болады
Қазақстанда әйелдердің беделі мен мүмкіндіктері қандай?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу