«Құран да бизнес, жаназа да бизнес» - Сәуле Әбілдаханқызы

Oinet.kz 08-01-2024 4278

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы дінді қозғап, өз ойымен бөлісті. Бұл тунралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - дер хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_2.jpg

"Біздің шаласауатты дүмшелер жұмақты да сатқысы келеді, сатып алғысы келеді...

Ал мешіттер, халықтың көзі ашылып кетсе, табысымыздан айырыламыз деп қорқады... құран да бизнес, жаназа да бизнес...

Осы бар ғой, мешіт салғыштардың бәрі өздерін Осман империясының сұлтандары мен пашаларындай сезінеді ғой деймін, - атасының атына мешіт салады, анасының атына мешіт салады, баласының атына мешіт салады.

(Османдықтардың қаптаған мешітін түсінуге де, қабылдауға да, құрметтеуге де болады, өйткені олар бәлен мыңжылдық Византия империясын, Селжұқ империясын құлатып, католикшілдермен де, православ христиандармен де "Алла үшін, Мұхаммед пайғамбар үшін" деп соғысты. Византия, селжұқ жерлерін жаулап алып, мұсылман мемлекетін құру үшін жүз жыл жанталасты, кәпірлердің жерін мұсылмандардың мекеніне айналдыру үшін сұлтандар мен уәзірлердің мешіт салуы әрі символға, әрі дәстүрге айналды...)

Ал біздікілер ше?

Қазақ осы кең байтақ жерін "кәпірлерден" тартып алып, ислам мемлекетін құрып па еді? Шіркеулерге ту тігіп, мешітке айналдырып па еді? Қазақ о бастан, атамзаманнан осы жердің иесі емес пе еді? Мұсылмандықты қабылдап, шариғатқа мойын бұрғанда да аталарымыз жарысып, қаптатып мешіт салып па еді? Олар үшін мешіттің өзі - екінің бірінің қолы жете бермейтін, екінің бірі сала салмайтын қасиетті орын емес пе еді?

Құран түгіл, бес кітап оқымаса да, бес уақыт тоңқайғанның бәрі мешіт салғыш боп алды... османдықтар 600 жылда салған мешітті біздің қазақ 30 жылда салып тастады... бәрің Сүлейман сұлтан, Ахмет сұлтан шығарсыңдар...

Ақшаң қалтаңа сыймай бара жатса, балабақша сал, мектеп сал, жол сал, көпір сал, жетім-жесірге баспана сал, емхана сал, науқастардың емделуіне көмектес ... содан кейін мешіт салсаң, жарасар еді...

Жалпы, кімдер мешіт сала алады? Кімге рұқсат беруге болады? Осы сұрақты Президент Жаңа-Қазақстан Тоқаевтан бастап, үкімет, қос парламент кешіктірмей күн тәртібіне шығаруы тиіс. Әйтпесе кеш болады... біраз мәселеде кешігіп те қалдық... дінді апиын сияқты сіңіріп алған қараңғы надандар өте көбейіп кетті", - деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.


Алты баланы өрттен құтқарған ана баспаналы болады
Мәйіттік донор: Ел не дейді? Мамандардың пікірі қандай?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу