Тоқаев Назарбаевтың Президент болатынын 35 жыл бұрын айтып қойған екен

Oinet.kz 02-07-2020 1335

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетінде Нұрсұлтан Назарбаев туралы жариялаған «Тарихи тұлға тағылымы» атты мақаласында Елбасыны алғаш рет қашан көргенін еске алыпты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_2.jpg  

- Менің Елбасын алғаш көргеніме де 35 жылдың жүзі болыпты. Нұрсұлтан Әбішұлы 1985 жылдың қыркүйегінде Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы кезінде Қытайға келген еді. Ол кезде елшілікте жұмыс істейтінмін. Сонда Үкімет басшысының қытайлықтармен келіссөздер барысында байқалған мол біліміне, тоталитаризм тұсында қалыптасқан жайлар жөніндегі батыл ойларына, сөзінің жүйелілігіне бәріміз қатты разы болғанбыз. Елшілік қызметкерлерімен бас-аяғы екі жарым сағатқа созылған бейресми әңгімеден кейін бас қосқанымызда мен әріптестеріме қарап: «Тегінде, біз Қазақстанның болашақ басшысымен сөйлескен шығармыз» дедім. Арада бес жыл өткенде Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің басшылығына келді,-деп жазған Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Яғни, президенттің айтуынша, Назарбаев 85 жылы-ақ мемлекет басқаруға лайықты тұлға болған. Бұл кезде қазақстанның бірінші хатшысы қызметін Д. Қонаевтың атқарғаны белгілі. Бір жылдан кейін мемлекеттің басшылығына Колбин келді. Ал Назарбаевтың 1989 жылы бірінші хатшы болып сайланды. 1990 жылы президент болды.

«Бүгін түнде аспаннан вирус шашады» Министрлік осы ақпараттың мән-жайын түсіндірді
Көлгінов отпен ойнады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу