Көлгінов отпен ойнады

Oinet.kz 09-07-2020

Oinet.kz хабарлайды - 6 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында берілген отшашу  әлеуметтік желіде, қоғамда қызу пікірталас тудырып жатыр. Көпшіліктің пікірі «коронавирус індеті мен өкпе қабынуы дерті өршіп тұрған кезде мұндай сән-салтанаттың не қажеті бар еді?» дегенге саяды. Отшашуға аз қаржының жұмсалмағаны айдан анық. «Карантин кезінде осыншама шығынды коронавируспен күреске неге жұмасамады?» дегенді айтушылар да аз емес. 

Screenshot_15.jpg

Отшашуға тапсырыс беруші Нұр-Сұлтан қалалық мәдениет басқармасы болып шықты. Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі 6 шілдеде интернет сайтында отшашудың сағат 23-00-ге белгіленгенін, оның «Хабар24» телеарнасында тікелей эфирде көрсетілетінін, отшашу Есіл өзенінің (Орталық саябақ) жағалауында, Ботаникалық бақ (Қабанбай батыр даңғылы жағынан) және Пушкин – Абылайхан көшелерінің қиылысында басталатынын, отшашуға бюджеттен қаржы бөлінбегенін – шара демеуші қаражаты есебінен ұйымдастырылғанын, осы ғаламат көріністі тамашалаушылардың санитария нормаларын қатаң сақтауы керектігін,  маска тағып, әлеуметтік қашықтық сақтауы және антисептик қолдануы тиістігін хабарлаған болатын.

Сейсенбіде ел арасында отшашуға қатысты түрлі пікірлер айтыла бастаған соң Нұр-Сұлтан қалалық мәдениет басқармасы ақпарат құралдары арқылы Қала күні мерекесінде  отшашу ұйымдастырудың жыл басында жоспарланғанын, оның негізгі мақсаты қалалықтардың көңіл-күйін көтеру, коронавируспен күресіп жүрген медицина қызметкерлерін қолдау екендігін жария етті.  

Отшашудың Нұр-Сұлтанның әкімі Алтай Көлгіновтың тікелей қолдауымен ұйымдастырылғанын түсіну қиын емес, әрине. Көлгінов осы ғаламат көріністің тікелей авторы болуы да әбден мүмкін. Өйткені нұрсұлтандық атқамінерлердің қала әкімінің қолдауансыз осындай тірліке барады дегенге сену қиын.  Шенеуніктер   халықтың көңіл-күйін көтереміз деп ниет қылған екен. Нәтижесінің керісінше шыққаны өте өкінішті. Көлгінов отпен ойнады. 

Ал «отшашуға қазынаның қаржысы жұмсалған жоқ» деген сөзді қалай түсінуге болады?  Жалпы ақшаны бюджеттік, бюджеттен тыс деп алалауды қоятын кез келген сияқты. Дәл сол қаражатты коронавируспен күреске жұмсап жіберсе, «мынау бюджеттің қарждысы емес екен» деп ешкім оның жолын кеспес еді ғой.  

P.S. Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі отшашуға қанша қаржының жұмсалғанын сол күйі жария етпей, жасырып қалды.  

Тоқаев Назарбаевтың Президент болатынын 35 жыл бұрын айтып қойған екен
Біртанов бәрін жаңылыстырды. Орталық Азияда ең оңбай тұрған ел Қазақстан болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×