Түркістан облысының жаңа әкімі - Дархан Сатыбалды?

Oinet.kz 31-08-2022 1562

Түркістан облысының әкімі лауазымына ұсынылған кандидаттардың қатарында Дархан Сатыбалдының аты аталуда. 

Screenshot_2.jpg

Дархан Сатыбалды уақтысында Шымкент қаласының әкімі, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Сенат депутаты болған, 2019 жылдан бергі  аралықта Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі қызметін атқарады. Ол еңбек жолында Білім және ғылым министрлігінде, Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, Президенттің іс басқармасында, Үкімет кеңсесінде, Астана қалалық әкімдігінде жұмыс істеген. Яғни, әкім болуға тәжірибесі мол шенеунік. Деген кім біледі?!

Тәртіп бойынша Президент Түркістан облысының әкімі лауазымына кемінде екі кандидатураны ұсынады. Екі үміткердің біріне келісім беру үшін бүгін сағат 11-00-де Түркістандағы Конгресс-холл ғимаратына облыстағы барлық мәслихат депутаттарының жиналысы шақырылып отыр.

Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалып жатыр
Сәдібеков пе әлде Сатыбалды ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу