Жер сілкінісінен кейін тұрғындар шатырларға көшірілді

Oinet.kz 25-01-2024 252

Қытайда өткен сейсенбіде 7,1 балдық жер сілкінісі болып, 12 мың адам қауіпсіз жерлерге эвакуацияланған болатын. Жер сілкінісінен кейін Шыңжаң-ұйғыр автономиялық округінде тағы 100-ден астам тұрғын шатырларға көшірілді. 

Screenshot_9.jpg

Өңірде табиғат апаты салдарымен күрес жалғасып жатыр. Тұрғындар көбіне арнайы тұрғызылған шатырлармен бірге мектеп және спорт кешендеріне орналастырылған. Ақпарат құралдарының мәліметінше,  Қытайдағы жер сілкінісінен 3 адам опат болып, тағы 5 адам жараланған. Дегенмен қытайлық дәрігерлер 7 балдық жер сілкінісі кезінде күрделі операция жасап, жұмысын тоқтатпаған. Шыңжаң автономдық ауданындағы Арал ауруханасында науқастың бас сүйегін ашып ми хирургиясын жүргізген. Ота жасалып жатқан кезде жер сілкінісі басталады. Бүкіл аурухананы теңселткен дүмпуге қарамастан дәрігерлер сабырлық танытып, өз міндетін жалғастыра береді. Медицина қызметкерлерінің бұл әрекеті бөлмедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ақпарат құралдары операцияның сәтті аяқталғанын хабарлауда. 

Жапония бесінші, ал Түркия...
Сенаторлар саны қысқарады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу