Уақыт белдеуіне бағынбайтын елдер бар

Oinet.kz 08-02-2024 437

2024 жылғы 1 наурызда сағат 00:00-ден бастап Қазақстанның бүкіл аумағында бірыңғай уақыт белдеуі орнатылады. Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа қою керек.

Screenshot_6.jpg

Осы орайда уақыт белдеуі деген ұғымның қайдан шыққанына қысқаша тоқталып өтсек. Осыдан 100 жыл бұрын, яғни 1924 жылы Әуе күштері радиосы Гринвич обсерваториясынан дәл уақыт сигналдарын жібере бастаған екен. Ал, арада 5 жыл өткенде бүкіл әлем сағатын гринвич уақытына дәлдеп түзеткен. 12 уақыт белдеуіне ие Франция да ортақ стандартты сағат енгізген. Мұндай қадамға барған тағы бірнеше ел бар. Бірақ, мамандар табиғи жағдайдан ауытқудың көмегі болғанымен, зияны көп екенін де ескертеді. Біз мекен ететін Жер шары 24 сағат белдеуіне бөлінген. Әлемдік уақыт Анлиядағы Гринвич обсерваториясына бағынады. Бұл жүйе 1883 жылы АҚШ-та қолданысқа енді. Оған сай әр елдің уақыты географиялық жағдайына қарай меридиан сызығы бойынша белгіленген. Ғалымдар сағат өлшемі адамдардың өмірін жеңілдету үшін ойлап табылғанын айтады.

Жалпы Жер шарында ең көп уақыт белдеуі Францияда. Өйткені бұл елде Гринвич меридиан сызығынан алғанда 12 уақыт белдеуі бар. Бірақ француздар табиғи уақытпен жүруге құлықты емес. Себебі уақыт айырмашылығы Еуропа елдерімен экономикалық байланысқа кедергі. Сарапшылар осы себепті сағат тілін Еуроодақ серіктестерімен сәйкес етіп, Гринвичтен бір сағат бұрынғы уақытты қолданысқа енгізгенін айтады. Еуропа елдерінің шамамен барлығы бір уақыт белдеуін қолданады. Ал, жер аумағы бойынша әлемде бірінші тұрған Ресейде 11 уақыт белдеуі қолданыста. Ел астанасы Мәскеу қаласы UTM+2 екінші белдеуінде орналасқан. Уақыттан шатаспас үшін әуе, теңіз, теміржол қатынасы Мәскеу уақыты арқылы жүргізіледі. Әртүрлі уақыт белдеулерінде орналасқан тағы бір ел – Қытай. Меридиан сызығында 5 уақыт белдеуі бар. 1949 жылға дейін мұнда 5 түрлі уақыт қолданыста болған. ҚХР құрылғаннан кейін коммунистік партия бүкіл елде біртұтас уақыт орнатты. Қазір қытайлар бірыңғай стандартты «Бейжің» уақытымен жүреді. Ол Гринвич меридиан сызығынан 8 сағатқа алда. Гринвич уақыт белдеуіне бағынбайтын елдер – Үндістан, Непал, Иран, Ауғанстан. Олар өз ыңғайына қарап әкімшілік уақыт белдеуін қолданысқа енгізген. Ғалымдар, сондай-ақ «белдеу сағатынан озық жүру не қалыс қалу «джетлаг» синдромына шалдықтыруы мүмкін» екенін айтуда. Бір сөзбен айтқанда, адамның ұйқысы қанбайды. Сосын ісі де өнбейді. Оның әсері обыр, диабет, қан тамырлары жүйесі ауруларын туғызады. Америкалық ғалымдар, әсіресе қатерлі ісікке шалдығу қаупі 15 пайызға артатынын дәлелдеген.

Босқындар биліктің бас ауруына айналды
Жұмыс бар, білікті маман жоқ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу