Казинолар елімізге жылына 3 миллиардай теңге пайда әкелуде
Қазақстанның бірнеше өңірінде тек шетелдіктерге арналған жаңа казино ашылады. Жаңа ережелер ойын бизнесі туралы заңға енгізілген өзгерістерде көрсетілген.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев туристік сала мен балалар спортын қолдау мәселелері бойынша түзетулерді қол қойған. Бұл түзетулер казино, ойын автоматтары залдары мен букмекерлік кеңселерді ашуға мүмкіндік береді.
Жаңа ойын нысандары Маңғыстау облысының Каспий теңізі жағалауы, Жетісу облысының Алакөл жағалауы мен Панфилов ауданы, Алматы облысының Талғар ауданы, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл және Зайсан аудандарында бой көтермек.
Аталған казиноға тек шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ жұмыс міндетін орындау үшін келген қызметкерлер ғана кіре алады.
Еске сала кетейік, қазір Қазақстандағы заңды ойын аймақтары тек Қонаев қаласы (Алматы облысы) мен Щучинск ауданы (Ақмола облысы) болып саналады.
Бұған дейін министр Ербол Мырзабосынов хабарлағандай, әрбір жаңа казино бюджетті жылына 2–3 миллиард теңге көлемінде салықпен қамтамасыз етіп, шамамен 500 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.


