Сырлы Созақ

Oinet.kz 05-09-2020

Созақ ауданы.jpg

Сырлы Созақ сырыменен сырғалы.

Созақ болған қазақ қазақ болғалы.

Өте көне кезеңдердің белгісі.

Қаратаудың тастарында таңбалы.

Шашты Əзіз, Ысқақ баб Қарабура.

Халқымызды бұрып өткен жолға тура.

Солардың салып кеткен ізгі жолы.

Ұрпақтан ұрпақтарға асыл мұра.

Ар намысты жүрекке байлаған жер.

Ата дəстүр салтынан таймаған жер .

Қазақта бірінші хан Жəнібекпен.

Соңғы ханы Сұлтанбекті сайлаған жер.

Жер қаиысқан бетпақтың киігінен.

Қыран ұшқан Мыңжылқының биігінен.

Көкпар тартып бəиге шапқан Созақтықтар.

Тəкеннің шаңқанбоздар жүирігімен.

Дала жатыр жайылып шалқасынан.

Басын қоиып қарт Қаратау қалқасына.

Əлем таныр Созақты осы күні.

Ен байлығы уранның арқасында.

Түнгі аспаны жап жақын төніп тұрар төбеңнен.

Жамыраиды жұлдыздары босанғандаи көгеннен.

Сөзбен аитып жеткізе алмас сұлулық.

Жеткізбесең жүректен шыққан өлеңмен.

Бір ұғым бар Созақ Сүгір Төлеген.

Қаратауды шертпе күиге бөлеген.

Келіншек тау Мыңжылқы Хантағысы.

Тарихы бар келе жатқан көнеден.

Қаратау шертпелерін құлағыма құиып өстім.

Қарттарының əңгімесін санама жиып

өстім.

Қаида жүрсем өзімнің жерұиығым.

Шежірелі Созағымды сүиіп өстім.

Меирамбек Жолшыұлы.

Жалқаулықты қалай жеңуге болады? Энтони Роббинс
Әміржан Сағидрахманұлы Қосанов. Өмірбаяны


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×