Созақ ауданының тарихы. Созақ атауы қайдан шыққан?

Oinet.kz 05-09-2020

Созақ ауданы.jpg

Созақ, Хұзақ — ежелгі қаланың орны. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Созақ ауылының оңтүстік шетінде орналасқан. Қала 13 ғ-дың жазба деректерінде Хұзақ деген атпен аталады, ал 16 ғ-дан бастап Созақ деген атпен белгілі. Қаланың сырты дуалмен және ормен қоршалған. Онда 500-ге жуық үй болған. Қала маңында егіншілікпен айналысқан мекендер орналасқан. Зерттеу жұмыстарын 1946 ж. Орталық Қазақстан археол. экспед. (жетек. Ә.Марғұлан), 1947 — 48 ж. Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедиция (жетек. А.Н. Бернштам), 1982 — 83 ж. бұрынғы Шымкент (қазіргі Халықар. қазақ-түрік ун-тінің Шымкент ин-ты) археол. экспед. тобы зерттеген. Олар қаланың 10 ғ-да пайда болып, 18 ғ-ға дейін өмір сүргенін анықтады. С-тың бұрынғы орны Тарсатөбе деп аталады. Ол биікт. 20 м мұнаралы дуалдармен қоршалған. Қазба жұмыстары барысында үйлердің жұрты, көптеген қыш заттар, хумдар — тамақ, астық сақтауға арналған ыдыстар, тегенелер, қаракөк және көкшіл түсті бояулармен боялған табақшалар, 15 — 16 ғ-лардағы бірнеше мыс тиындар табылды.Созақ, Хұзақ — ежелгі қаланың орны. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Созақ ауылының оңтүстік шетінде орналасқан. Қала 13 ғ-дың жазба деректерінде Хұзақ деген атпен аталады, ал 16 ғ-дан бастап Созақ деген атпен белгілі. Қаланың сырты дуалмен және ормен қоршалған. Онда 500-ге жуық үй болған. Қала маңында егіншілікпен айналысқан мекендер орналасқан. Зерттеу жұмыстарын 1946 ж. Орталық Қазақстан археол. экспед. (жетек. Ә.Марғұлан), 1947 — 48 ж. Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедиция (жетек. А.Н. Бернштам), 1982 — 83 ж. бұрынғы Шымкент (қазіргі Халықар. қазақ-түрік ун-тінің Шымкент ин-ты) археол. экспед. тобы зерттеген. Олар қаланың 10 ғ-да пайда болып, 18 ғ-ға дейін өмір сүргенін анықтады. С-тың бұрынғы орны Тарсатөбе деп аталады. Ол биікт. 20 м мұнаралы дуалдармен қоршалған. Қазба жұмыстары барысында үйлердің жұрты, көптеген қыш заттар, хумдар — тамақ, астық сақтауға арналған ыдыстар, тегенелер, қаракөк және көкшіл түсті бояулармен боялған табақшалар, 15 — 16 ғ-лардағы бірнеше мыс тиындар табылды.

Өлім туралы эссе. Соңғы дем
Созаққа Торғайдан 5 күнде жеткен Кенесары хан


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×