Әйгерім Тұрарова. Жақын адам

Oinet.kz 08-09-2020 832

Қараңғылық.jpg

Жақын адам,жақындашы жаныма!

Жұлдызды түн.Отырмын мен бөлмемде,

Сыр бөлісер ешкім де жоқ қасымда.

Отырмын мен оңашада ойланып,

Бойда қаным дамыл таппай тасуда.

Айсыз ашық аспан маған төнеді,

Асау арман алыстарға жетелеп.

Тұнық ойды мына тыныштық бөледі,

Жақын адам бейнесі көз алдымда.

Сол үшін өртендім де, жандым да,

Жүрегіме бір жараны салдың да,

Жақын адам,сен де үнсіз қалдың ба?

Қоншы,жаным, махаббаттың бағына.

Сәуле шашып жүрегіме сағынған,

Күлім қағып жүрсең болды жанымда.

Жақын адам, менен алыс кетпеші,

Жақын адам, жақындашы жаныма.

Тұрарова Әйгерім

100 мақал-мәтел(5-бөлім). Қазақтың мақал-мәтелдері
Сұлу қыз туралы өлең. Қайырлы таң. Сұлуым. Қол жетпеген.
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу