100 мақал-мәтел(5-бөлім). Қазақтың мақал-мәтелдері

Oinet.kz 08-09-2020 1329

Мақал-мәтел.jpg

41. Қолы ашықтың ­- жолы ашық.

Қолы ашық дегені – жомарт адам дегені. Жомарттық қасиетті халқымыз ежелден жоғары бағалаған. «Береген қолым – алаған» дегені де сондықтан. Қолы ашық адам қадірлі болады, сол себепті оның жолы болады.

42. Адамның тiзгiнi ­- ақылы.

Адам сөйлер сөзін, істейтін ісін, әрекетін ақылмен басқармаса, қиындыққа ұшырайды. Орынсыз сөз айтып,  опық жеуі әбден мүмкін.

43. Сүйдiрген де ­- тiл,    Бездiрген де ­- тiл.

Адам жанының тілмашы - тіл. Тіл арқылы барлығын ұғындыруға, жылатып күйдіруге болады.  Айтылған сөзге, істелген іске, барынша бейқам болыңыз.

44. Ақылдың өлшемi –  парасат.

«Парасатты адам екен»  деген, мақтау естіп жатамыз.  Олай неге айтқанын ойлап көрдіңіз  бе?

Парасатты адамға істейтін ісін, сөйлейтін сөзін, қабылдайтын шешімін алдымен ақыл таразысынан өткізіп алу, әдеп-инабат, адамгершілік жағынан кінаратсыздық, салихалық пен мейірімділік, ізгілік пен кең мінезділік тән.

45. Адал адам ауыр сөзден  тартынар.

Ауыр сөз- жанның қайғысы. Көңілге кірбің қалдырмау  - адалдың қайғысы. Адал адам барлығын ой таразысынан өткізіп,нақты бір сөз айтады. Бұл шынайылықтың белгісі.

«Ар-ождан алдындағы адалдық – өз қадір-қасиетіңе, ізгі іс-әрекетіңе байланысты.» деген екен Әл-Фараби бабамыз.

46. Әдiл тiл  - ­ ақыл таразысы.

Адам баласына сыпайы, қарапайым болған жарасады.Ал жалпы, адамды көріктендіретін – тілі. Тілі шешен, үні әуезді, құлаққа жағымды болса, дыбыстарды дұрыс айта алса, қазақтың тілі сылдыраған бұлақтай, күмбіреген домбыра үніндей естіледі. Нағыз мәдениетті адам аузынан шығатын сөзді тежей алады, біреудің арына, намысына тиетін сөзді айтпайды, әділ болады. Сондай адамға «әділ тіл – ақыл таразысы» деген рас екен-ау деп айтуға болады.

47. Iстiң сәтi ­ өз уақыты.

Көптен ойыңа алған ісің біткенде кеудеңді шаттық кернеп, иығыңнан жүк түскендей жеңілденіп қаласың. Сондай сәтте «Істің сәті – өз уақыты» деп еріксіз айтасың.

48. Әр құс ұясына қарай ұшады.

Қанаты қатайып, өмір сүруге дағдыланған құста өз ұясын аңсап, сонда баруға асығады.

Балапандарын көріп, жылы ұясын сезініп, шаттыққа бөленеді...

Құс - мақалдағы жай мысал.

Ал адамдаршы?

49. Атаға баланың алалығы жоқ.

Ата-ана үшін өзінен туған баланың бәрі бірдей. Кейін қарымқатынастарында алалық, бірін ерекше санау, т.б. болып жатса, оған балаларының мінездері, адамгершілік қасиеттері, әрекет- амалдары әсер етеді. Еске ұстайық: адамның жасы ұлғайған сайын қайраты азайып, күші кемиді. Үлкен кісілер де бала сияқты өздеріне көңіл бөлгенді, әңгімелескенді жақсы көреді. Хақымыз: «Қартайғанда бір бала» деп тегін айтпаса керек.

50. Ауыр iстен қорықпа, Ауыр сөзден қорық.

Халқымызда: «Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді» деген сөз бар емес пе? Ауыр жұмысты, істі қиналсаң да жасап тастайсың. Ал ауыр сөз естісең, көпке дейін қиналып жүресің. Басыңнан шықпайды, ойыңнан кетпейді. Сол себепті де ауыр сөз естімеуге тырысу керек. Өзіңді ақылыңмен тізгідей алсаң, әділ болсаң, ізетті болсаң, кісіге қиянат жасамасаң ең бастысы өз ісіңе жауапкершілікпен қарасаң, саған ешкім ауыр сөз айтпайды.

Ғашықтық туралы өлең. Күзгі баққа көп барам
Әйгерім Тұрарова. Жақын адам
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу