Ғашықтық туралы өлең. Күзгі баққа көп барам

Oinet.kz 08-09-2020 835

Күзгі бақ.jpg

Күзгі баққа көп барам,

білмеймін іздеймін бе?...

Енді сүю жоқ маған,

Ғашық бола алармын сіздей кімге?

Күзді аңсайды жүрегім,

өткізіп әр аптаны.

Ұмытпайды...

білемін,

Тағдырымның жыртылған парақтары.

Күзге жеттім,

көңілім

сарғайып сағыныштан.

Жыл құсындай өмірім,

Бақытымды сен жаққа алып ұшқан.

Күзгі бақта келемін,

Айналам сұп-сұр,

мұңды.

Менің бағым сен едің,

Ақылды қыз, мені емес,

сүйдің кімді?

Күздей көңілім сөнеді,

Сұп-суық таңғы ызғар ә...

Күз тағы да келеді,

Сені сүйген жүрегім жалғыз ғана,

Бақытым да,

жүрек те жалғыз ғана...


Қырсықтық. Жұптар арасында түсініспеушілікке алып келетін себептер
100 мақал-мәтел(5-бөлім). Қазақтың мақал-мәтелдері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу