Таразы. Ғибратты әңгіме

Oinet.kz 10-11-2019 527

Базарға барып жүріп талай мәрте байқаған шығарсыз.

- Маған үш-төрт килограмм ет өлшеп жіберіңізші! – дейсіз, өзіңізге ұнаған майлы жамбасты немесе бел омыртқаны көрсетіп.

Сатушы Сіз нұсқаған қой етін таразының табағына сылқ еткізіп тастай салады. Тілі әрлі-берлі теңселіп, табақтары жоғары-төмен көтеріліп-түсіп, қалш-қалш етіп, біразға шейін Таразы өзіне өзі келе алмай тұрады.

Дәл болу, әділ болу оңай дейсің бе?!

(Қадыр Мырза Әли, «Ғибратнәмә» кітабынан)

"Сыпырғыш, шаңсорғыш., электр қуатын есептегіш. Ғибраттты әңгіме
Бір тиындықтар. Ғибратты әңгіме
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу