Қазақтың киізден жасалған бұйымдары

Oinet.kz 01-01-2021 3899

image.png

Қазақтың ежелден келе жатқан қолөнердің бірі - киіз басу. Халық алуан түрлі бұйымдар жасау үшін киізді кең қолданған. Киізді киіз үйдің сыртын жабу үшін, жерге төсеу үшін және де кереге керу арқылы өз қажеттілігіне орай пайдалана білген. Киізден кебеже, сандық қаптайтын әбдіреқаптар, ыдыс-аяқ салатын аяққаптар жасаған. Сондай-ақ кебенек, киіз қалпақтар мен киіз байпақ тіккен. Киізді пайдаланған жері ол ер тұрманның терлігі мен тоқымы, тебінгісі тағы басқа да тұрмысқа қажетті бұйымдар.

Қазақтың қолданбалы әсемдік қолөнердің киізден жасалған дүниелердің көбі негізінен киіз үйдің ішін безендіруге арналған.

Олардың арасындағы неқұрлым кең таралғандары:

Киіз - ақ немесе басқа түстерден басылған, киіз үйдің жабуына қажетті туырлықтар, түндіктер және шаруашылыққа қажетті бұйымдар жасайтын жұмсақ жүн;

Текемет - киіз үйдің ішіне төселетін жайма киіз;

Сырмақ - басылған киіздің бетіне екі түрлі өрнек, бояумен жиектеліп, жұқа жүннің үстіне матамен сырылып жасалатын төсеніш кілем;

Тұс киіз - киіздің үстіне барқыт қиындылармен жапсырыла тігіліп, өрнектелген қабырғаға ілетін кілем;

Сырдақ - киіздің үстіне алуан түсті жүн жіптермен кестеленіп тігілген төсеніш кілем.

Жеті атаңызды білесіз бе!?
Біз шаншар салты туралы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу