Әкесі қытайға тиген қызын той үстінде атып тастаған

Oinet.kz 15-01-2023 745

Шамасы 20-30 жылдың алды болса керек, біздің жөспірім кезіміз болатын ҚХР Үрімші қаласының қала бастығы Жәкең ағамыз өз қызының қытай азаматқа күйеуге шығамын деген ұсынысын естійді. Қытай жігіт те үлкен шенеуніктің баласы екен. Өз баласын райынан қайтара алмаған әке той күнін белгілетеді.

Screenshot_14.jpg

Екі серкенің тойына дүниенің төрт бұрышынан кілең сорпа бетіне шығар мықтылар жиналады. Той басталады, бірде қытай ұлтының дәстүрімен қыз бен күйеу ата - анаға сәлем жасау рәсімін өтейді. Жәкең орнынан тұрып екі жасқа батасын беріп бетін сипайды, жастар ары бұрыла бергенде қыз әкесі қойнынан тапаншасын суырып алып көз ілеспес тездікпен қызының өкпе тұсынан тарс еткізеді. Ду етіп орнынан көтерілген жұртта ес қалмайды, жас мәйіт сұлап жатыр….

Қыз әкесі көзінен сорғалап тұрған жасын дәу алақанымен асықпай сипап қойып: «Құрметті қауым, бұл менің өз жанымнан да артық көретін қызым еді, бірақ ұлтымды оданда артықтау көремін, бұл нәзірге жайылған дастархан ауыз тиіп асықпай қайтыңдар, бұл бәріңе сабақ болсын. Егер бүгін осыған қолым бармаса, ертең Шинжаңдағы 2 милион қазақтың қызына ие болуға амалым да болмайды, деп шерлі әке есіктен шығып кете беріпті.

«Ойбай, сенің көзің қисық екен!»
Сүлеймен патшаға бағынбаған жалғыз құс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу