Күйеуін көңілдесінен айламен қайтып тартып алған әйелдің әңгімесі

Oinet.kz 16-01-2023 838

"Соңғы кезде күйеуімнен күдіктеніп жүрдім" дейді бір таныс  келіншек. "Қайда барса қолынан соткасын тастамайды. Бірдеңелер жазып, өзімен-өзі риза болып жүрді.Келіншекпен сөйлесіп жүргенін сездім. Жүзі нұрланып, жүріс-тұрысы өзгеріп кетті. Дастархан басында ұзақ отырмай, тез тұрып кетеді. Мəз əйтеуір. Менің жүзіме тура қарамайды, бірдеңе жасырып жүргені айдан анық.

Screenshot_18.jpg

Содан, бір күні соткасын үйде ұмыт қалдырып кетті.Төсек жинап жүріп  жастығының астынан тауып алдым. Ішінде жазылған хабарламаларды оқымайын десем де, іштегі қызғаныш "ашып оқы, сенің күйеуің, білуге хақың бар" дейтіндей. Шыдамадым. Оқыдым. Назираш деген сыныптасымен сөйлесіп жүр екен. Күйеуімен ажырасып, қазір Астанада тұрады. Оқушы кездегі махаббат хикаяларын айтыпты. Келіншек жылаған смайликтер жіберіпті де, біздікі жұбатып тұрған смайликтермен жауап беріпті. Жақында Алматыға семинарға барамын, күтіп аласың ба" деп қиылыпты Назираш. Біздікінің жаны қалмай  "иə, иə" деген жерін оқып, көзімнің жасын төгіп алдым.

Біраздан бері сөйлесіп  жүрген екен. Таңертең "Қайырлы таң" түнде "Қайырлы түн" демей, жатпай жүргендері  белгілі. Алматыға келетін күнін, сағат минутына дейін жазыпты.

Сырттан апалақтап күйеуімнің кіріп жатқанын ести сала, сотканы орнына қоя салдым. Үй жинап жүрген сыңай танытып,"неғып жүрсің, жұмысқа кеткен едің ғой" десем, "аа, иə, кілтімді ұмытыппын, жастығымның астына қойып ем" деп ақырын ғана соткасын қалтасына зуу еткізді. 

Ол кеткеннен кейін, көп ойландым. Жанжал шығарып береке таппасым анық. Ақылмен сөйлескенді тыңдайын деп тұрған адам жоқ. Есі шығып алған əбден. Еркектің есі далаға ауса, қиын екен ғой. Құрсын, ақырын күтейін, бекерге бала-шағаның берекесін алмай деген шешімге келіп, өзімді-өзім ұстауға тырыстым.

Сонымен, көптен күткен Назираштың келетін күні болды. Сол күні түнде, күйеуім ұзақ дайындалды. Көңілді. Ыңылдап жүріп мұртын бастырды. "Шашымды алдыртпасам, өсіп кетті" деп шаштаразға барып келді.

"Ертең жолдас жігіттер отырайық деп еді. Сол жаққа барамын. Кəстөм-шалбарымды киейін" деп алдын-ала "қауіпсіздік" шараларын да ойластырып қойды.

"Əрине, барғаның дұрыс" деп қолдап қойдым. Мен сияқты "аңқау" əйелінің барына қуанып жүр іштей, Құдай біледі))

Ертеңіне шалбарының қырымен нан турайтындай болып, төплиі жалтырап үйден шығып кетті.

Артынша менде  жиналып, таксиге отырдым да вокзалға қарай ұштым. 

Сыртынан ақырын бақылап, бір дүңгіршектің тасасына орналасып алдым, вокзалға жеткен соң.

Күйеуімнің қолында алқызыл раушан гүлдер. Тағатсызданып  күтіп тұр. Соткасына қарап-қарап қояды. Видеоға түсіріп тұрып, қызғаныштан бүкіл денемнің дірілдегенін  сеземін. Сабыр сақтауға тырысып, көз жасымды жұтып тұрмын тек.

Біз күткен поездъ келіп тоқтады да, сəлден соң лек-лек жолаушылардың ішінен шашын сап-сарыға бояған ұзын бойлы келіншек, күйеуіме қарай тура тартты. Біздікі де  қарсы жүріп, екеуі сүйісіп амандасып, əлденелер айтып мəз болды. Бір-біріне үзіліп қарап қояды. Назирашқа гүлін беріп, жолдорбасын сүйреткен біздікі, вокзал алдындағы "квартира" деп тұрған əйелдерге барды. Келісіп жатқан сыңайлы. Бұдан артыққа шыдай алмадым. Қоңырау соқтым. Үш рет соққанда зорға алды. Назираш пен пəтер берушіден алысырақ барып, "Əй, не болды, жігіттермен енді отырып жатыр едік. Тыныштық па" дейді. "Тез жет. Күйіп қалдым" дедім де  тұтқаны қоя салдым.

Түрінен өкініші бір-ақ шыққан күйеуім, Назираны əлгі əйелге тапсырды да, көлігін жұлқына оталдырып жүріп кетті. Қайтып келем деді, негізі Назошқа.

Сонымен, менде қайттым. Жолбойы күйеуіммен өткізген жылдарымның ыстық-суығын есіме алып, өксіп-өксіп жылап алдым. Үлбіреген кезімізде отау құрып, он екі жыл бір шаңырақтың астында бірге ауа жұтып, бірге тыныстап, үш перзент өсіріп енді жетілдік дегенде, маған бұлай жасағаны несі. Қай жерде қате жібердім" деген ой басымнан шығар емес. Алға басқан аяғым, кері тартып үйге кіргенім сол, күйеуім ақыра қарсы алды. "Сен қатын мені мазақтайын дедің ба, күйген бəлең де жоқ екен. Қайда жүрсің тентіреп, қайдан келдің?" деп күшейді.

Үндемедім. "Қайдан келдің деймін саған" деп ентігіп жаныма жетіп келді.

"Назирашты күтіп алдым, семинарға келген екен" дедім ақырын.

"Квартираға жайғасты, ертең шақырармын тамаққа" дедім де ішкі бөлмеге кіріп кеттім.

Аңырып тұрып қалған күйеуім, сəл уақыттан соң  соңымнан келіп, "Жаздым, жаңылдым. Кешір мені, Самал. Қателік менен болды. Міне, иманым, міне, жаным. Жер ортасына келгенде желіккенім ұят болды. Орныма қойдың. Ақылыңнан айналдым сенің, кешіре алсаң кешір" деп бір қызарып, бір бозарды.

Кешірмей қайда барамын.Бір етек бала-шағаны күйеуімнің бір еркектігі үшін, тірі жетім етсем кім болғаным.

Назирашқа сол күйі жоламады. Мүмкін, жағдайды айтып түсіндірген шығар, есебін тауып.

Қазір, сол кезді айтып күліп қоямыз арасында. Еркек дегенге арпылдап қателігін бетіне баса бермей, ақылмен, айламен түсіндіру керек. Сол кезде мен жанжал шығарсам, ажырасып тынар едік. Менің туыстарым естісе, өмір бойы күйеу баласын сыйламай кетуі де мүмкін ғой.

Үйдегі жəйді  сыртқа  шығармай, кейде, осылай  қызғанышты  ақылға  жеңдіре білген абзал. Оңай тимейді əрине,Құдай қосқан жарыңның басқаға көңілі ауғаны. Балалар үшін бəрін де кешіресің, бəріне де көнесің, құрбым" деп жымиып қойды Самал.

...Ақылдылығына, сабырлы қалпына  таң қалдым. Мынандай жағдайдан  сыр бермей шығып, шаңырақты сақтап қалу- екінің бірінің қолынан келмесі анық.

Əйел қырық шырақты  деген  осы. Шырағың сөнбесін Қазақ əйелі.!

Нурила Қоңырат

Молданы боқтап жеңген шешен
Әйелімнің қарсы болғанына қарамай, тоқалыммен таныстырып ем, әйелім мойныма асыла кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу