Жыландардың махаббат маусымы

Oinet.kz 26-03-2023 1009

Канаданың Манитоба провинциясында жер бетіндегі жыландардың ең көп шоғырланған жерін көруге болады. Жыл сайын көктем келіп жер жылыған соң Манитобадағы Нарсисс деген шағын қалаға таяу жердегі үңгірге 50 000 астам жыландар жинала бастайды.

Screenshot_13.jpg

«Неге?» деген ой бірден келеді. Осы кезде жыландардың 2-3 аптаға созылатын жергілікті халықтар «Неке биі»-деп атап кеткен «махаббат маусымы» басталады.

Алдымен еркек жыландар шыға бастайды, қысқы уақытта қозғалыссыз тынығып алған олар далаға шыққасын ұрғашы жыландардың шығуын асыға күтеді. Ұрғашы жыландар інінен шығу бойынша еркек жыландар тап береді, бір ұрғашы жыланға бірнеше ондаған жыландар жабылады, олар шар сияқты домалап кетеді, ішіндегі ең күштісі және аузының салымы барыға бұйырады, қалғандарының салы суға кетіп бастары төмен қарап келесі көктемді үмітпен күтеді.

Ұрғашы жыландар еркегіне қарағанда ірі әрі ұзын болады, жаздың соңында «босанып» жарық дүниеге 40-50 майда жыландарды туады. Олар өте тез өседі, салқын түсе бастағанда олар да інге түскеннен кейін жаңбыр мен қардың үңгірге түскен ығалынан келген қорегін алып, қыстай өсіп, көктемде далаға жорғалап шыққанда олар да «махаббат маусымына» жарамды болады.

АҚШ-тың Орегон штатындағы университеттің зоология профессоры Дж. Маэйсон сөзіне қарағанда Нарсисс інінде шамамен 35 000 жылан бар, ал бүкіл провинциядағы төрт үнгірде 250 000 жылан бар көрінеді, олар ұзындығы төрт км- ге созылатын жер астындағы жол бір-бірімен байланысып жатады және жыландар адам үшін қауіпті емес екен. Провинциядағы осы жыландардың «Махаббат маусымын» көру үшін туристерге биік платформа салған, сол жерде тұрып жылына бір келетін қызықты тамашалайды (ақша табудың ең оңай жолы)………………..

Бақытжан Абдул-Түменбай тарихшы

Бір емес бес бірдей жетімді бауырына басқан кедей қалай күн көрді?
Егер 70, 80, 85 жылдары тусаңыз, онда сіз өмірде көп нәрсе көрдіңіз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу