«Қолында дипломы бар қыздарымыз қол жетімді товарға айналды»

Oinet.kz 04-04-2023 2881

Баяғыда ауылда үлкен әже болатын. Сол кісі жаңадан дамбал кисе, көйлегінің етегін түріп дамбалын көрсетіп далада отыратын. Бір күні баламын ғой, жеті жастамын әжеге: "Неге іш киіміңізді көрсетесіз?",- деп сұрағанда жарықтық: "Балам, барым - дамбалым, басқа не көрсетем?",- деп еді...

Screenshot_26.jpg

Әлеуметтік желідегі жарнамалалды оқып, сол кейуананың сөзі есіме түсті. Білмеймін не айтуға болады?

Есік көргенді балалы қатынның өзінен жас жігітке тұрмысқа шыққаны, жігіттің үйленгеннен кейін салмақ тастағаны туралы, Розаның немерелі болғаны, келініне бала туғаны үшін жеңіл машина сыйлағаны туралы жарыса жазуда...

Тіпті, Розаның немерелі болуы "халықтың қуанышы" деп жазыпты. Әр отбасына келген бала сол әулеттің, ағайын-туыстарының қуанышы, бұл барлық қазақ үшін қуаныш емес. Дүниеге келген сәбиге бауы берік болсын айтамыз.

Баяғыда елге сыйлы ханның ұрпағы туғанда халықтың тілеуін тілеп, қуанғаны тарихта бар. Ал бүгінде балаларға жаңадан  заң шығып, бала күту үшін ақшаны көбейту,  бұл халық үшін қуаныш болар еді. Себебі машина сыйламақ түгілі баласына киім-кешек алып беруге елдің көбінің жағдайы жоқ. Дүниеде солар ғана бала тауып, басқа елде қуаныш болмаған секілді. Менімше солардың есік пен бесік тойынан ел шаршады...

Баяғыда бір ауылда ерсі қылықты ел естісе: "Аулында ақыл айтатын ақсақал жоқ па?", - деп сөгеді екен. Сол секілді осыларға ешкім қой деп жақындары айтпайтынына таң қаламын. Өнер адамдары неге аспанда жұлдыз болып, жарқырап тұрмайды, жерге түсіп дәрі-дәрмекті, тағамды, зергерлік бұйымды жарнамалауы  ұят нәрсе. Сақалдылар зере майы мен мәсіні айтудан шаршамайды. Отан үшін үшін отқа оранғандай, адамдардың ем алып жатқаның, өзінің ауырғаның жарнамалау тіпті ерсі, миға симайды. Ал, намыссыздардың ораза айында аузына не келсе, соны сөйлеуі де адамдықтан алыстағанымызды көрсетеді. Әлеуметтік желі жарнама орны секілді. Санасы төмен халық болғанымыз ба?

Ал, қазақ қыздарының арсыздығында шек жоқ, орыстың қыздары жолда қалды... Түріктер орыстарды "Наташа" дейді. Бұл жезөкше дегенді білдіреді. Иә, орыстың Наташасын басып оздық, қолында дипломы бар қыздарымыз еңбек етпей, қол жетімді товарға айналды. Қазақ Наташалары бүгінде Әлемді, оның ішінде Африкалық құлдар тұқымына қатын болды. Ата-аналары долларды санап, керегіне жаратып, мақтанышпен өмір сүруде. Неге солардың тамағына қылтанақ болып жабыспайды екен... Айыпқа бұйырмаңыздар, қызға "қырық үйден тию, қала берсе, қара күннен тыйым" деген, ойланайық ағайын!

Ораза айында бір ай болса да, ұлттық дәстүрді сақтап, адамдыққа бет бұрайық. Ешкімді тәрбиелеуге  құқық жоқ, бірақ айту адамдық парызым деп білемін.

Ертеде, апам көрші әйелге "ел туралы әңгіме айтпа" дегенде, көрші әйел: "Ене мен ешкімге ақыл айтпаймын, өз өмірімнен есімді танып жатырмын" деген еді, сол секілді өмір ғой. Ақыл айтуды жақсы көреміз, бірақ сөзімде аз болса да шындық бар. Ренжімеңіздер!

Райхан Матай

Қызының бақытсыздығына себепкер болған ананың өкініші
Әйелімнің өлімін өзім жақындатыппын ғой
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу