Мастанған байды орнына қойған қаршадай бала

Oinet.kz 31-05-2023 2823

Заманында мыңғырған малы бар бір бай әкесіне ас беріпті. Асқа келген қонақтардың шегімен шеті жоқ екен.  Байдың жиырма төрт қанат ақ ордасында ет желініп болған соң қонақтардың қолына құманмен су құю басталыпты. 

Screenshot_14.jpg

Бата алуға асыққан жеткіншектер иығына сүлгісін іліп  алып, қолға су құюды төрде отырған бата берген ақсақалдан бастапты.  Жас бала келесі қонақтың қолына су құя бергенде аяғы шалынынып қымызға қызара бөртіп отырған бір байдың шапанына қолындағы құманның суын шашыратып алыпты. Әлгі баланың әрекетіне шамданған бай:”Әй бала! Көзіңе қарап жүрсей. Көзіңді шел бастыма”-деп дүрсе қоя берсе керек балаға.

Байдың сөзі шамына қатты тиіп кетсе керек. Қолға су құйып жүрген әлгі бала:”Көзімді шел басатындай жал-жаяға тойып алып, жан-жағыма захарымды шашып отырған жоқпын”.

“Таңды таң деп кім айтады, сарғайып барып атпаса. Күнді күн деп кім айтады, қызарып барып батпаса. Орданы орда деп кім айтады, мен сияқты күтуші бала жығылып сүрініп жатпаса. Итті ит деп кім айтады, мен сияқты жығылған баланың тақымынан қаппаса-депті.

Қаперімде аузына сөз түспеген асқынған бай не айтарын білмей сасқалақтап қалыпты-дейді.

Жұрттан артық ауыз сөз естігің келмесе, біреудің айыбын бетіне басып, жанына тиетін ауыр сөз айтпа. Ол қарымтасын қайтарса, жаныңды қоярға жер таппай қалуың мүмкін.

МАҚСАТ СҚАҚОВ

Әкімге «адам болмайсың» деп бұрылып шығып кеткен қойшы
«Ойбай, сенің көзің қисық екен!»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу