Мәхр талай қазақ жігітінің түбіне жетті

Oinet.kz 06-11-2023 572

Screenshot_1.jpg

"Үйлену оңай, үй болу қиын" дейтін қазақ. Қазір үйлену де үй болу да оңай емес. Оны өздеріңіз де білесіздер. Дүние таным, руханият бәрі өзгеріп барады. Қазір жастар арасында "мәхір" деген шыққан. Шыққан дегенде баяғыдан барғой. Солардың тілімен айтсақ сол қазір мода. Қыз қырқын 2 метр матаға байланып алып, көлік, үй сұрап жатқанды жиі естиміз. Қайран қазақ, ел болуды білмим, еліктеуді қатырамыз. Біздің болмыс қана жаман, қалғандарынікі керемет болдығой әйтеуір.

Шешеміз, шешеміздің шешесіде сұрап отырсам "мәхір" дегенді сұрамай ақ бақытты болыпты. Жоқшылық көрмепті, лайықты құрметтеліпті. Сөздерінше қазақы салт сана бойынша ана сүті, қалың малын алған. Бұл біздің салт, біздің болмыс. Міне осы ғана. Ал әлгі "мәхр" дегенді алаулатып-жалаулатып жатқандардың не көздегені барын білмеймін. Сол Мәхрдің құны қазір 10 дирхамнан кем болмауы керек көрінеді. Біздің теңгемен жалпақ алғанда 100 мың теңгеден кем болмауы шарт.

Менің алаңдайтыным бұл "мәхір" деген біздің ғұрыптың алдына шығып кетіп отыр. Жаңағы қалың малың мәхрдан мың есе артық. Тіпті керек болса қалың мал алған соң мәхр берілген болып саналуы керек. Діни басқарма қазаққа жаны ашыса мешітке жиылған жамағатқа неге осыны айтпайды? Мешітке келгенде келіннен "мәхірге не сұрайсың?" деп емес, "ана сүті мен қалың мал берілді ме? Егер берілген болса мәхр талап етілмейді" деп неге айтпайды? Нені көксейді, ұқпаймын. Біз  ғұрпы, салты бар Қазақстан Республикасын құрған қазақ деген дербес ұлыспыз. Неге исламның, шариғаттың шартын бұзбай қазақы қалыпқа сай икемдемейді? Бұлар қазір  әлгі "мәхрді" бірте бірте дәстүр қылмақ. Топырлатып ислами жұлдыздар жасағаннан не пайды осындай іспен айналысатын ғұламалары болмаса. Бәрі қазақтың баласы, салт дәстүрді бәрі біледі, бірақ осындай элиментарный мәселелерге нүкте қоя алмайды.

Исламда "Мәхір" қалыңдықтың ақысы дейді. "Қалың мал" деген таксидің ақысы ма сонда? Және "Мәхір ақшалай немесе заттай беріледі" дейді біз ана сүтін тастай беріп жатырмыз ба әлде? Біз ежелден қыздың "мәхірін" беріп келген ұлтпыз. Тек бізде сол мәхір басқаша аталады. Ол қалың мал, ана сүті деген сияқты. Одан бөлек берілетін бәленбай си-сияпат, жөн-жоралғы бар. Қазақтың керім салт-дәстүрін арабтың бірдеңелеріне жығып бергенді қою керек. Сосын жаңағы мәхір "күйеуі жоқ кезде әйел бала-шағаны аш қалдырмауға жету керек" дейді. Әй біз түйемен жүрген жоқпызғой бір кеткенде бір ай, бір жылға кететін. Кетсек те қазір каспи голд бар, ақшаны "шырт" еткізіп аудара саласың.

Біз қазақпыз! Атадан қалған, ғасырмен өзгеріссіз келген салт-дәстүріміз бар. Соны сақтау парызымыз!

Тек адал ас ішкен адам
Сталиннің өзі енгізген бап талайларды жазықсыз жапа шектірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу