Анам мені ақша үшін 30 жастағы шалға күйеуге берді

Oinet.kz 06-01-2024 2079

12 жасымда əкем қайтыс болды. Анама бізді бағы қиын бола бастады. Менен кейін екі інім бар.  Анамның тапқан табысы күн көрісмізге мүлде жетпеді.

Screenshot_4.jpg

Анам үйден тоқаш пісіріп көше жағалап сатады. Мен болса қолымнан келгенше анама қолқанат болып бар көмегімді жасайтынмын. Үйде үлкен қыз болып туылғасын, ініме бас көз болу міндетім. Анамның тоқаш сатуы бірде пайда əкеліп бірде үйге табыссыз келетін. Анамның көңілін түсірмеу үшін мен қалаған нəрсемді алып беруін талап етпейтінмін. Тұрақтанатын панамызда өте нашар күйде болатын. 

Солай анамыз тығырықтан шығу үшін баяғы қарыз сұрау əдетін тоқтатпады. Бірақ ішімнен өзімді жеп қоярдай анам үшін жəне інілерім үшін барлығына дайын болдым. 

Анам алған қарызын уақытында қайтармасада, жасы келген таныс əже бізге "қайтар" деп асықтырмайтын. Бірақ оларды да түсінуге болады, ақша ауадан келмейді, оларда еңбектеніп табады. Уақыт солай өте берді. Анамның қарызы да көбейе бастады. Бірақ ол жасы келіп қалған əже қолдан келгенше ескі тозып қалған киімдер беретін аяп. 

Анам шамалы болса да тапқан табыстан бір бөлігін қарызын төлесе, қалғанын азығымызға жеткізетін. Мен негізі кішкентай қыз секілді ойнау дегенді ұмыта бастадым. Бір жылдың ішінде əкемнің жоқтығы сезіле бастады. Анам қолдан келгенше біз үшін қиыншылыққа берілмей мұңаймауға тырысатын. Сол жылдары көп адамдарды кедейшілік басып, кейбір отбасылар аштан ауырып өлгендерде болды.

Бір күні ол кемпір қарыз жөнінде əңгіме қозғауға келді үйге. Анам үйде жоқ еді. Біздің тұрақтанатын жерімізді көрген кемпір үндемей шығып кетті. "Анаңа айта саларсың менім келгенімді" деп.

Солай бір жыл өтіп кеткенінде байқамай қалдық. Бұрын қарызға алсада анам бірден қайтаратын. Кейінгі уақыттарда қарызымыз көбейіп кетті. Шетінен қайтарылса да көбейе бастады. Кішкентай қыз болсамда, анама білдіртпеуге тырысатынмын іштегі таршылық сезінуім. 

Жасым 14-ке да келіп қалды. Мен кішкентай ініме қарау үшін үйден шықпауға тырысатынмын. Енді олар сəл болса да өсті. Мен анамен ішімдегі ойымен бөліскен едім жұмыс істегім келеді деп. Анам рұқсат бермей қойды əлі кішкентайсын деп. Бірақ мен қолымнан келгенін жасағым келетін. Қаразымыз азаймай керісінше көбейе берді. Тіпті айтатын болсам ол соманы үй сатып алатындай болған шығар деп ойлаймын. Бір күні анау кемпір үйге келді, анама бір ұсынысымен. 

"Болсада қарыз қайтару қиын болып кетті, қызыңды біздің үйге жұмысқа жібер қызметке" деп айтты анама. 

Анам үндемей сөзін тыңдап кемпірді шығарып салды.

Бір ай ішінде анамды көндіріп ол кемпірдің үйіне қызмет етуге бардым. Үйі кең сарай. Жалғыз басты ана екен. Жалғыз ұлы бар. Сол үйдің ыдысын жуып, асын дайындап, үйін жинайтынмын. Бірақ онымен қарыз толық қайтарылмады. Сəл азайғаны болмаса. Мектептен оқуым толығымен бас тартылды. Кемпірдің есімін кейін білдім Əсия жəне ұлы Ғафур екенін. 2 жыл ішінде қызмет атқаруым жалғасты. Қарызымыздың үштен бір бөлігі қайтарылды. Өйткені тапқан жалақымда орташа еді өз еңбегіме сай. 

Жасым 16-ға келгенде маған Ғафур өзі келіп ұсыныс жасады. "Қарызыңнан толық қайтарар жолды бірден айтамын өзің келіссең" деп. Отыз жасар ол ажырасқан екен. Бірақ мен бауырларым үшін оның емеурінін бірден түсініп, анаммен ақылдаспай шешім қабылдадым. Өйткені Ғафур аға айтқан еді, "қарызыңнан толық құтыласың, оған қоса тағы берерім бар" деп. Осылайша мен өзімнен 14 жас үлкен азаматқа жар болуға келістім. Кейін анамды көндірдім "бұл сіздер үшін басқан қадамым" деп.  

Ғафур менім еркелігімді көтеретін. Кейде онымен шектен тыс ойнапта кетемін жас болғанымнан. Мейлі сүймей қосылайын, бірақ ол ең басты маған қаталдық танытпады. Оның анасы бір жылдан кейін дүниеден озған соң мен сол кең сарайға өз үйімдей қарап, екі інім мен анамды қасыма алдым. 

Құрметті оқырмандар бұл сіздер үшін бір түрлі естілер. Ақша үшін арсыздыққа жанымды қиған жоқпын. Жақын адамдарым үшін сондай қадам басуыма тура келді. Мына таршылық кезеңде осыдан басқа амал қалмады.

Жарқанаттың шығармашылығынан

Бекежан батыр Төлегенді өлтірмеген
Ақсары мен Қарагөз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу