«Рақмет білмейтін шайтан»: Автобуста беталды айқай шығарған әйелді орнына қойған студент
Автобуста бір егде жастағы әйел жас қызға дөрекі сөйлеп, ата-анасын балағаттай бастады, бірақ сол сәтте қыз күтпеген әрекет жасады.
Кешкісін жұмыстан кейін әдеттегідей автобуста үйге қайтып бара жаттым. Барлығы шаршаған, жүздерінде мұң, әркім өз телефонына үңілген.
Бір аялдамада шамамен 60 жастағы әйел мінді. Күтімді, сәнді киінген, шашы тартып байланған, қолында ұқыпты сөмке. Әрине, бос орын болмады. Әйел терең демалып, белін уқалап, отырғандарды шолып шықты. Ешкім қозғалмады.
Автобустың арт жағында бір жас қыз ұйықтап отырды — шашы ұйпа-тұйпа, үлкен рюкзакпен, қолында телефоны бар. Шын мәнінде ұйықтап қалған: аузы ашық, басы шалқайған.
Әйел жанына келіп, бірдеңені күбірледі. Қыз оянбады. Сол сәтте әйел оны шашынан тартып, айқайға басты:
— Үлкендерді сыйлауды үйретпеген бе саған?!, — деп бүкіл автобусқа бақырды.
Қыз селк етіп, оянып, абдырап жан-жағына қарады.
— Мен... ұйықтап қалдым. Жай ғана сұрасаңыз да болар еді, — деді сабырлы әрі тыныш үнмен.
Автобуста тыныштық орнады. Әйел оның сабырын әлсіздік деп қабылдаса керек.
— Осындай бетпақ болып өсіп шыққансың! Рақмет білмейтін шайтан!, — деп даусын көтере түсті.
Жағдай ыңғайсыз бола бастады. Қыз орындығына жабысып отырғандай болды, бірақ көзін тайдырмады.
— Сіз мені ұстауға құқығыңыз жоқ еді, — деді ол баяу ғана. — Егер дұрыс сөйлескеніңізде, мен орнымды берер едім. Ал сіз бірден айқаймен, ренішпен келдіңіз.
Әйел қайта ашуланып, қыздың ата-анасын сөз ете бастады: «Мұндайларды қайта тәрбиелеу керек, әкесіз өскен, тәрбиесіз...»
Сол кезде қыз бір әрекет жасады — одан кейін әйел лезде тынды, ал бүкіл автобус үнсіз қалды.
Қыз асықпай орнынан тұрды. Қимылы баяу, бірақ нық еді. Рюкзагын иығынан шешіп, алдынан ұстады — қалқан тәрізді. Әйелге тура қарады — ызамен де, менсінбеушілікпен де емес, керісінше — біртүрлі тыныш әрі байсалды көзқараспен. Бұл көзқарас автобустағы адамдарды селт еткізді.
— Тәте..., — деді ол, дауысы тыныш, бірақ анық естілердей. — Мен бұл өмірге жастарды қорлау үшін келген жоқпын. Жас екенмін деп мені таптап өте беруге ешкімнің құқығы жоқ. Ал орнымды тек «солай болуы керек» деген оймен беруім міндет емес.
Әйел аң-таң болды. Мұндай жауапты күтпесе керек. Қыздан әлсіздік емес, керісінше ішкі күш пен өз қадірін сезіну байқалды. Әйел жан-жағына қарап, қолдау іздегендей болды, бірақ салондағылардың көбісі қызға үнсіз бас изеді.
— Сіз мені танымайсыз. Бірақ бірден ата-анама тіл тигіздіңіз. Анам — басқа қалада санитар болып жұмыс істейді. Айына бір-екі рет қана көрісеміз. Әкем... — қыз бір сәт үнсіз қалды — ол осыдан бес жыл бұрын қайтыс болды. Өрттен адамдарды құтқарам деп жан тапсырған. Ол өрт сөндіруші еді.
Автобус іші лезде тыншыды. Біреулер терең күрсінді. Кейбір жолаушылар көздерін сүртіп отырды. Әйел басын төмен салбыратып, үнсіз қалды.
— Бүгін төрт емтихан тапсырдым. Медициналық университетте оқимын. Келешекте адамдарға көмектескім келеді. Бәлкім, бір күні сізге де көмегім тиер. Немесе балаларыңызға. Бірақ егер бес аялдама көз шырымын алуға мүмкіндік бермесе, мені шашымнан тартып оятса — біз қандай қоғам болып барамыз?
Қыз бір сәтке тоқтады. Бір де бір рет дауысын көтермеді. Бірақ салондағы тыныштық оның әр сөзін жүректерге жеткізді.
— Мен тәртіпсіз емеспін, — деп жалғастырды ол. — Бірақ мені кішкентайымнан "құрмет — жастан емес, жүректен" деп үйретті. Құрмет сұралмайды, ол лайықты адамнан өзі туындайды.
Сосын ол алдыңғы жақта отырған бір апаға бұрылып:
— Апа, сізге орын керек пе?, — деп сұрады шын ықыласпен.
— Жоқ, балам..., — деп жымиып жауап берді апа. — Сен отыра бер. Сен біз айта алмай жүрген сөзді айттың.
Сол сәтте күтпеген оқиға болды.
Салонның арғы бұрышында отырған ер кісі орнынан тұрып, жаңағы әйелге орнын ұсынды. Бірақ әйел басын шайқап, ештеңе деместен келесі аялдамадан түсіп қалды. Қолдары дірілдеп, көзі төмен салбырап кеткен
Автобуста бірнеше секунд үнсіздік орнады. Сосын біреу алақан соқты. Тағы біреулер қосылды. Ақырында, тұтас салон қол шапалақтаумен тыныш, бірақ шынайы құрметін білдірді. Бұл — ұрысқа емес, сабыр мен әділеттілікке көрсетілген құрмет еді.
Қыз қайтадан орнына отырды. Бұл жолы ұйықтамады. Терезеге қарап, ойға шомып отырды. Көзқарасы анық, жүзінен тыныштық байқалды.
Бір жас әйел кішкентай баласымен жанына келіп:
— Рақмет. Сен мен айта алмаған шындықты айттың, — деді.
Қыз жымиып бас изеді. Рюкзагынан кітап шығарып, ашып оқи бастады — дәл ештеңе болмағандай. Бірақ бәрі білді: бір нәрсе өзгерді.
Осы бір кеште, осы автобуста — үнсіздік бұзылды. Қасаң ойлар шайқалды. Және, бәлкім, бірнеше жүрек сәл де болса жұмсарды.
(Жазба желіден алынды)